Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Топан судан зардап шеккендерге деп әр әншінің берген ақшасы күлкі келтірді

Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендер үшін өнер жұлдыздары жинаған қаржыға әр адамның қосқан ақшасы жұрттың жағасын ұстатты.

undefined

100.000...200.000... дей ме?... Негізі, "статус" деп, бір-бірімен жарысады, қымбат үй алып, қымбат көлік мініп, 10-15 млн-дық бренд сумка, бренд киімдеріне мақтанады.... шетел.... қыдыру, той-томалақ, астау-астау ет жегенін көрсеткенде, алдарына жан салмайды... тойда фонограммамен айтқан үш әні үшін халықтан алатын гонорарлары миллионнан кем емес... "Статустарына" лайық болу керек қой... Біртүрлі... тізімді оқып отырып мен ұялып кеттім...

Сәуле Әбілдаханқызының жазбасы

0
0
365

"Бір қазан ет болды". Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде өлген атын жоқтады

Белгілі әнші, актер, продюсер әлеуметтік желіге атының видеосын салып, әсерлі жазба қалдырды. Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүниемен қосымша ақша ұсынып ақбоз атқа сауда берді. Атам келіспей атты бермейді. Үш күн өтпей ақырға ұялап өліп қалды. Бұл оқиғадан сабақ алғанмын. Қатты назар ауғанда саудасы келеді. Беру керек. Сол секілді біздің де жануарға елдер баға берді. Тікелей кездесіп сөйлеспегенсоң сататын ниет білдірмедім. Zero QARYZ - ға қаражаттан қиналған сәтте, ұсынған баға еске түсе беретін.Бірақ бұлай боларын кім ойлаған… Оқиғаны қалайша естен шығарып алдым?Үйірге жіберіп, биеге асылып, мінез шығарып жүргеніне балаша қуандық. Үйір қайыратын айғырдың әдеті емес пе? Айдаладағы айғырдан үйірді қызғанып, жарды көрмей құла…

0
0
448

Елімізде жауын-шашынды, желді ауа райы сақталып, тіпті көктайғақ болады

"Қазгидромет" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті. Фото: sputnik.kz«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады."Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады деген болжам бар. Жетісудағы Алакөл ауданында кей жерлерде желдің күші 30 м/с және одан да көп екпінді болуы мүмкін", - деді Алина Смағұлова. 12-14 сәуір аралығында СҚО Қызылжар ауданында және Петропавлда жауын-шашынның болжамына байланысты мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпт…

0
0
349

Қазақ тойындағы әке мен қыздың биі жұрттың ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде тараған ұзату әлде үйлену тойындағы "әкесі мен қызының биі" деп аталатын бейнежазба жұрттың жағасын ұстатты.Бұл видеоға желінің көптеген қолданушылары наразы пікір айтуда. Біз соның бірнешеуін ғана келтіріп отырмыз: "Білмеймін, ерсі көрінеді екен. Әлде біз жабайымыз ба?! Анандай түрмен жүре алмаймыз ғой"."Ұятын-ай! Телефонның арғы жағынан мен ұялып кеттім ғой"."Еркегі бар уйдің қызы немесе әйелі әуретін ашып журсе, сол үйдің еркегі сорлы деген екен"."Әкемен билегенді қайдан шығарған? Жаман "қазақ орыс боламын деп..." деген бар ғой, соның кері. Әр ұлт өз дәстүрімен жүрген жарасымды болар еді. Жастар дейміз, сол жастарға тоқтау айту біздің, үлкендердің еншімізде ғой"."Әкемен билесін, бірақ киімі тым ұятсыз. Әкесі қызын қимай құшақтағысы кеп тұр. Бірақ ана денені сипауға ұя…

0
0
376

Алматы облысындағы "Барыс" базары жақта алапат өрт болып жатыр (видео)

Алматы облысындағы "Барыс" базарының жанында қоймалар өртеніп жатыр, деп жазады https://t.me/kris_p_almaty_official.

Ал видеоның авторы "Бірдеңе жарылған сияқты. Бірақ не екені түсініксіз. Бәлкім, газ баллоны шығар" деп отыр.

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында жеке тұрған бір қабатты қоймада өрт болып жатыр. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде, деп хабарлады https://t.me/qr_tjm.

0
0
449

Премьер-министрдің АЛҒАШҚЫ орынбасары деген кім?

Роман Скляр бірінші вице-МИНИСТР әрі премьер-министрдің АЛҒАШҚЫ орынбасары екен ғой (скриншот үкіметтің ресми сайтынан алынды). Әлде ТҰҢҒЫШ дей салу керек пе еді?

Бірақ кезінде бір кісі ТҰҢҒЫШ деген тіркемесінен оңбай айырылған. Сондықтан байқаңыздар...

undefined

0
0
258

ШҚО-да құтқарушылар су тасқынының алдын алудың қамын жасауда

Олар өзендегі мұз ағынын бақылап жүр.
undefined
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылар жасағы Катонқарағай ауданы Коробиха ауылының жанындағы Бұқтырма өзенін бақылауда.
Олар тәулік бойы су тасқыны жағдайының дамуын, мұз ағынын қадағалайды.
Бұл мониторинг жыл сайын кептеліс қаупі бар учаскелерде жүргізіледі. Құтқарушылар мен ЖАО күрделі учаскелерде осындай алдын алу жұмыстарын жүргізіп, су деңгейін бақылап жүр.

https://t.me/qr_tjm

0
0
438

Желіде дегелектің ұясын бұзғандардың видеосы жұрттың көзіне жас алдырды

Әлеуметтік желіде дегелектің ұясын бұзғандардың бейнежазбасы тарады.Видеодан өрт сөндірушілердің электр бағанасының басындағы құстың ұясына су шашып жатқанын көресіз. Содан ұя жерге шашылып түскеннен кейін оған дегелек ұшып келе жатады. Оның жоқ екенін көрген кезде құстың аузынан шөбі түсіп қалады. Сосын дегелек ұясының орнында аспанға қарап біраз тұрады. Мұндай жүрек шымырлатар бейнежазбаны көрген желі қолданушылары киелі құсқа обал екенін айтып жатыр. Көбі тіпті еріксіз көзіне жас алыпты. Бірақ бұл жағдайдың арты жақсы болған екен. Кейінірек пайда болған екінші видеода дегелектің ұясы тура сол орында тұрады. Сөйтсе, құтқарушылар құстардың қауіпсіздігін ойлаған екен. Олар тура электр сымына жабысып тұрған ұяны бұзып, жаңасын тура сол жерге жоғарырақ орнатып, дегелектерге қауіпсіз жағдай…

0
0
1184

Лаңкестер Еуро-2024 матчтарына дронмен шабуыл жасауы мүмкін

Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған.

undefined

Фото: overclockers.ru 

«Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге хуситтердің шабуылы осы дрондардың мықты қаруға айналғанын көрсетеді», – деп жазған басылым.

Енді лаңкестік қаупіне байланысты Германияда футболдан Еуропа чемпионаты кезінде бүкіл елде дрон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.    

Айта кетейік, Еуро-2024 чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өтеді. Олар – Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Гельзенкирхен, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт.

0
0
290

Рыбакина Майамидегі финалда тағы да жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр.

undefined

Фото: globallookpress.com

 

Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық  Даниэль Коллинзден екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Рыбакина тура былтырғыдай Miami Open-нің ақтық сынына жетті де, бірақ титулға қол жеткізе алмады.

Елена финалға қатысқаны үшін 585 000 доллар тауып, 650 ұпай жинады. Ал Даниэль 1 100 000 доллар мен 1 000 ұпай иеленді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7, 6:4 есебімен, жартылай финалда Виктория Азаренконы (#32) 6:4, 0:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.           

0
0
302