Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Алматы маңында асі ірі көлемдегі есірткіні дайындап, сатумен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комтетінің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

0
0
153

Көлікке де жын тие ме? Молданың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде күнде мың қызық, әйтеуір. TikTok-та бір молданың дін әлеміне қатысты ақылға сыймайтын нәрсені айтып тұрған видеосы жарияланды.

Видеода сөйлеп тұрған адам көлікте де көз болатынын, яғни оған да жын тиетінін айтып, желідегі жұртты таңғалдырды.

«Өзіміздің таныс ағамыздың басында болған проблема. Жап-жаңа машина өзінен өзі қорабынан май кетті. Ол көлік қорабының бөлшектерін арнайы тапсырыспен түгел алдырды. Және алты рет сол қорабын ашып-жапты. Бірақ проблема тоқтаған жоқ. Тіпті көлік жөндеу орнындағы қызметкерлердің өздерінің, жалпақ тілмен айтқанда, көздері алақандай болды. Сосын Алланың қалауымен көлікті бізге алып келді. Көлікке дем салдық. Көлікке құран оқыдық. Сол кезде Алланың қалауымен барлық нәрсе бірден тоқтады», – дейді молда.

0
0
448

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да әуеден соққы берді

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Санаға әуеден жаңа соққы берді. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне қала әкімшілігіндегі адамдар хабарлаған.Бұл ақпаратты Fox News телеарнасы да растап отыр.АҚШ пен Ұлыбританияның «Аңсар Алла» қозғалысына қарсы әскери операциясы өткен жұманың түнінде басталған еді. Екі ел Йеменнің төрт провинциясындағы нысандарға әуеден соққы берді. АҚШ президенті Джо Байден мұны кеме қатынасына төнген қауіпке жауап деп атады.«Бұл – хуситтердің Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерге бұрын болып көрмеген жойқын шабуылдарына жауап. Олар баллистикалық зымырандарды алғаш рет қолданып отыр», – деді Байден.АҚШ президенті хуситтердің 27 шабуылы салдарынан 50-ден аса елдің коммерциялық кемелеріне нұқсан келгенін айтты. 9 қаңтарда тіпті америкалық әскери корабльдерге үлкен шабуыл…

0
0
165

Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен

Кенішінде сұмдық қайғылы оқиға болған «Майқайыңалтын» АҚ сербиялық кәсіпкерге тиесілі болып шықты. Бұл туралы журналист, сарапшы Кирилл Павлов өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.

«Кенішіне автобус түсіп кетіп, одан адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ қаптаған оффшорлық компаниялар арқылы сербиялық олигарх Милан Поповичке тиесілі. Онда ресейлік олигархтың үлкен үлесі бар болуы мүмкін.

2022 жылы компанияның жалпы табысы 13,2 миллиард теңге болған. Ал айналымы 25 миллиард теңге.

Солай бола тұра жұмысшыларына жұмсайтын ақшасы болмашы ғана. Мысалы, кадрларды дайындауға, олардың біліктілігін арттыруға 4,7 миллион теңге береді.

Әрі әлеуметтік міндеттемесі аз, келісімнің шарттары жайлы», – деп жазды сарапшы.

facebook.com/bejvas

0
0
202

Ресей халқы биыл ерекше қатты тоңып жатыр

Мұндай да болады екен. Бүкіл ел суықтың зардабын тартуда. Бұған ең алдымен соғыс себеп дейді сарапшылар.

«Мәскеу тоңып жатыр! Ресейліктер жылусыз, ақшасыз қалды. Путин бәрін соғысқа жөнелтіп жатыр» деп жазуда украиналық журналистер.

Олар Ресейдің экономикасын әскери бағытқа бұрып, қарапайым адамдардың өмірімен ойнап отырғанын айтады. Ал бұған Мәскеу мен Ресейдің бірқатар өңіріндегі коммуналдық алапат апат дәлел бюола алатындай. Бұл кесапат Приморьеден Мәскеу түбіне дейін жалғасып жатыр екен. Елді мекендердің бірінен кейін бірінде жағдай нашарлаған. Үйлері суып кеткен соң далаға шығып, от жағып жылынып жүргендер бар.

0
0
264

АҚШ-та өлім жазасына алғаш рет азот қолданылмақ

АҚШ-тағы Алабама штатында өлім жазасын жүзеге асыру үшін азот қолдануға рұқсат берілді. Бұл тәсілді штат билігі 2018 жылы мақұлдаған еді. Бірақ ол осы уақытқа дейін қолданылмаған.Фото: commons.wikimedia.orgБұл әдіс арқылы өлім жазасын орындағанда адамға азоты бар баллонға жалғанған маска кигізеді. Сол кезде оған ауа жетпей қалады. Осыдан кейін адамда гипоксия басталып, ол жан тапсырады.Осы әдіс енді алғаш рет 58 жастағы Кеннет Смитке қолданылатын болды. Ол сонау 1988 жылы бір әйелді тапсырыспен өлтірткені үшін сотталған.Бір жылдан аса уақыт бұрын Смитті өлтіру үшін инъекция салмақ болған еді. Бірақ оның тамырына инені кіргізе алмады.Ал Смиттің адвокаттары бұрын жасалып көрмеген әдіс АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп отыр. Оның үстіне өлім жазасын орындауға екінші рет талпыныс жасау да…

0
0
192

Әзірбайжандағы президент сайлауында жеті үміткер бақ сынайтын болды

Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат ретінде тағы төрт адамды тіркеді. Сөйтіп, үміткерлердің жалпы саны жетеу болды.ОСК-ға соңғы тіркелген төрт адам – «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиев.Бұған дейін ОСК «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиевті, сондай-ақ Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаевты («Ұлттық майдан» партиясының басшысы) президенттікке үміткер ретінде тіркеген еді.Кандидаттарды тіркеу үшін құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталды.Айта кетейік, Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.однако…

0
0
336

Қылмыстық топ тұрғындардың 112 миллион теңгесін алдап алған

Маңғыстау облысында полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алдау-арбау әрекеттері үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сатамыз деген желеумен 112 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арыз айтып жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркі…

0
0
169

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

«9 қаңтарда сағат 17:17-да Жаңақала ауданындағы Жаңақала-Чапаев тас жолында, Ақбалшық және Пятимар елді мекендерінің арасында Toyota Estima Hyundai SantaFe-мен соғысты. Соның салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың кімдер екені анықталып жатыр», – дейді БҚО ТЖД өкілдері.

ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, БҚО-да жыл басынан бергі 9 күнде жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапқан.

0
0
259

Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар

Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған.

Фото (көрнекі): Uzreport.news

Бейнеролик әлеуметтік желіде (https://t.me/egovpress/5813 ) тарады. Оқиғаның Жамбыл облысындағы Отар ауылында болғаны айтылуда. Бұл деректі қорғаныс министрлігі растады.

«1 қаңтарда Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды», – делінген аталған министрліктің хабарламасында.

Бұл жағдай бойынша алты адам ұсталды. Олардың арасындағы екі әскери қызметші қамауға алынған. Өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

0
0
194