«Ұлттық өнім» ұлттық арнада
Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы «Ұлттық өнім» бағдарламасының негізгі тақырыбына айналады.
Елбасының бастамасымен 2010 жылдан бері елімізде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асуда. Осы аралықта 500-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылып, жаңа тауар түрлерін өндіруде.

Іске қосылған кәсіпорындардың барлығы заманауи технологиямен жабдықталған. Сәйкесінше, бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттарға сай келетін тауар өндіруде. Аталған бағдарламада осы зауыт, фабрикалардың өндірістік технологиясы кеңінен сөз болады.
«Ұлттық өнім» атты ақпараттық-танымдық бағдарламада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ашылған зауыттар мен жаңа жобалар, инновациялар мен олрады инвестициялау жайлы баяндалады.
Бағдарлама әр сейсенбі күні сағат 17:00-де, ал қайталамасы сәрсенбі күні сағат 12:45-те болады.
