Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қазақстандағы балық шаруашылығы

Бағдарламаға келген арнайы қонақтар Қазақстандағы балық шаруашылығы мәселелері және оны дамыту жолдары тақырыбында әңгіме қозғамақ. Балық шаруашылығы бүгінде қандай жағдайда дамып жатыр? Жалпы азық-түлік жағдайында балықтың үлесі қандай? Балық шаруашылығын дамыту не үшін қажет? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.

0
0
1487

Жазу-сызу технологиясы мен баспаның ойлап табылуы

Бағдарлама адам баласы ашқан жазу-сызу технологиясы мен баспаның қалай ойлап табылғандығы туралы баяндайды. Бұл технологиялардың пайда болуы, адамзат өркениетінің біраз ілгері қадам басуына мүмкіндік бергені шүбә келтірмейді. Адам баласы керек ақпаратты анық таңбалармен хатқа түсіруді үйренбеген жағдайда, заман парақтарында,өркениетіміздің өрнегі қалай өрілерін елестету қиын болмақ.

0
0
1338

EXPO көрмесіне дайындық барысы

ЕХРО көрмесі бізге не береді? Жоспарда қандай ғимараттар тұрғызу идеясы бар? Астана көрмесіне туристерді көптеп тарту үшін не істеу керек? Туристерді қызықтыратын қандай ұлттық бағыттар мен тақырыптар бар? ЕХРО көрмесі Қазақстанның «жасыл» экономикасын дамытуға не береді? Лондонда өткен алғашқы әмбебап көрме бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ал, 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени жетістігі - Эйфель мұнарасы. Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер бар. Елімізге…

0
0
478

Женские проблемы в программе «Әйел бақыты»

Ток-шоу «Әйел бақыты» в новом сезоне канала «Қазақстан» является площадкой для обсуждения проблем, с которыми сегодня сталкивается казахстанская женщина. В программе обсуждается какой должна быть успешная женщина и какое у неё место в современной семье. Программа привлекает внимание общественности на проблемы женщин в личной и профессиональной жизни, а также пути их решений. Гости программы обсуждают гендерную политику в Казахстане, её сегодняшнее положение и достижения. Также зрители смогут узнать о самых модных тенденциях и советах, которые пригодятся каждой женщине. Гости программы – успешные леди Казахстана и других стран. К примеру, программу посетила звезда индийского телесериала «Келін», исполнительница роли Ананди – Авика Гор. В июльских выпусках программы освещались такие вопросы…

-1
1
1499

Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі

Әлем әдебиетінде Орта Азиядан аты мәшһүр жазушы кім десе, ойланбастан Шыңғыс Айтматов деп жауап беруге болады. М. Әуезовтің ақ батасымен әдебиет кеңістігіне жол тартып, «Адамзаттың Айтматовы» атанды. «Әдебиет әлемі» бағдарламасының бұл санын Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» атты повесіне арнадық. Әдеби талқылауға арнайы келген қонақтар – белгілі жазушы, ғалым Нұрдаулет Ақыш және «Сарын» тобының мүшесі Айтбек Салық.

1
0
1960

Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш» күйі

XIX ғасыр қазақ мәдениетінің Алтын ғасыры болды. Күйшілік өнер аймақтарға тармақтала бастады. Ежелгі күйлердегі аңыздың көне мифологиялық түсініктері XIX ғасырда күйші өмірін баяндайтын уақиғалармен алмастырылды. Аңызда заман тынысы көрініс тапты. Бағдарламаның кезекті бөлімінде Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі жайлы болмақ.

0
0
1135

Ұлттық электрондық бесіктің ерекшелігі

Өздігімен тербелетін бесік кездестіріп пе едіңіз? Сәбидің шырылдаған дауысы шықса болғаны, тербеліп қана қоймай, түбегі толған кезде дабыл қаққыш ойнай жөнеледі. Аналардың қолын ұзартып, алыстан да басқарылады. Мұндай қазақы бесіктің жаңарған түрін ойлап тапқан Серікбол Шаймардан туындысының жасалу әдісімен бөліспек.

1
0
944

Халық жазушысы Сәбит Мұқановтың жазған хаттары

1938 жылы С.Мұқанов қазақтан алғашқы болып, орыстың ең көне жазу үлгісі болып есептелетін «Слово о полку Игореве» деген шығарманы қазақшаға аударады. 1947 жылы ешкімге белгісіз 23 жасар Берқайыр Аманшин да осы еңбекті қазақшаға аударады. Ол аударып қана қоймай, С.Мұқановтың аудармасында қателіктер бар дейді.

Көп жылдардан кейін С.Мұқанов «Адай күйі» атты кітапты бірігіп жазуды ұсынады. Жас жазушы Берқайырға ызаланудың орнына неліктен мұндай ұсыныс жасайды? Екі жазушының бір-біріне жазысқан хаттарының әдеби астары мен өзектілігі бағдарлама барысында айқындалмақ.

0
0
892

Шәмші әндері немесе шәмшітану

Шәмшіні есімі әр қазаққа жақсы таныс, әр қазаққа жақын. М.Әуезов студенттер алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалап, аты алты Алашқа кеңінен тараған композиторды осылай ұлықтаған. Оның «Бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атануының сыры да да сонда жатыр.
Оның әр туындысы құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне айналды. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде Шәмші әндерінің концерті өтеді. Студия мейманы Шәмші дүниесінің насихатшысы, композитор Қалдыбек Құрманәлі.

0
0
365