Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Павлодар облысында іздеу-құтқару жұмысына тікұшақ тартуға тура келді

19 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының маңында 1981 ж.т. азамат жоғалып кетті, ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып оралмаған.

ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

@press_TJM

0
0
197

Alphard пен гараждан 77 келіден асатын марихуана табылды

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті."Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 келі марихуана екені анықталды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов. Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 келі болатын марихуана болып шықты. Медициналық…

0
0
215

Абай облысында жол жабылуына байланысты 100-ден аса көлік кептеліп қалды

Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептелісі болды. Оладың жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк көлігі және 1 автобус.
Қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмайды.
Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек қажет емес.
Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

@press_TJM

0
0
289

БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады.
Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
205

Алматыда тағы да жер сілкінді

Бүгін Алматы қаласында тағы да жер сілкінді.

Фото: РИА Новости

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 15 ақпанда сағат 09.52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында - афтершок орналасқан. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 2 балл.
Жағдай тұрақты.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - деп хабалады Төтенше жағдайлар министрлігі.

@press_TJM

0
0
202

Бір аптада 176 оқыс оқиға болған

Өткен аптада елімізде 176 төтенше жағдай тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі төмендегідей: 14 табиғи сипаттағы; 162 техногендік сипаттағы. Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1270 рет шықты: құтқарылды - 447 адам (68 бала); эвакуацияланды - 879 адам (64 бала). 112 құтқару қызметіне 158 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 246 дауылды ескерту жіберілді.

@press_TJM

0
0
151

Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты

Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Осы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

kaz.inform.kz

0
0
230

Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына, 89-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - деп жазады @press_TJM.

0
0
198

Ұлытау облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.
Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм «альфа-PVP» психотроптық заты және 30 «марка» деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
155