Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Өткен тәулік тағы да тыныш болмады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өткен тәулік бойы да тыным таппай, көптеген шұғыл шақыртуларға шықты.

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады, оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

0
0
155

Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған

Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп жатқаны белгілі. Соған қарамастан жолға шығып кетіп жатқандарға полиция тағы да ескерту жасады.

"Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді. Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз!" - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

0
0
150

Алматыда қалың қар жауайын деп тұр

Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар хабарлады.

Фото: baq.kz-

"Дүйсенбі 12 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге қалыңдығы 20 сантиметр қар жауады деп күтілуде. Бұл ақпандағы орташа айлық қардың 40 пайызы болғалы тұр", - деп жазылған хабарламада.

Басқармадағылардың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтері қар күреуге толық дайын екен. Дүйсенбі күні көшеге 600-ге дейін техника мен 1220 жұмысшыны шығару жоспарланған.

0
0
232

Астанада демалыс күндері автобустар саны артады

Демалыс күндері елордада төрт қалалық маршрут бойынша қосымша жеті автобус жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

10 ақпаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында келесі қалалық маршруттарда демалыс күндері автобустар саны артады:

- №3 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус); - №13 маршрутта 2 бірлікке (10 автобус); - №20 маршрутта 1 бірлікке (12 автобус); - № 44 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус).

0
0
253

Ақтөбелік құтқарушылар боранды күнде көлікке жол көрсету үшін 18 шақырымға жаяу жүріп барды

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің бірнеше қызметкері қарияға көмектесу үшін көліктің алдына түсіп жүгірді. Олар 18 шақырым қашықта орналасқан ауылға жаяу барды.Ақтөбе облысында боранды күні шақыртуға жаяу барған төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің аты-жөні түгел белгілі болды.Олар: Мұғалжар ауданы № 8 өрт сөндіру өлімше командирі Н. Тәжіғұлов, бөлімше командирі Д. Шамаков, қарауыл бастығы А. Әли, өрт сөндірушілер Е. Марат, А. Құсайынов және Ж. Сұлтамұратов, А. Сағындық, А.Жалғасов.Олар кеше Қандыағаш қаласынан Басшилі ауылына жаяу барды. 18 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда қарияның денсаулығы сыр беріп, көмек сұраған соң шұғыл жолға шыққан."7 ақпан күні сағат 8:00 шамасында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы өрт сөндіру бөлімінің 112 телефон нөмірін…

0
0
149

Үндістан ғарышқа адам тәрізді роботты ұшырмақ

Үндістан осы жылдың үшінші тоқсанында ғарышқа адам тәрізді роботты ұшырады. Бұл туралы елдің ғылым және технология министрі Джитендра Сингх хабарлады.

Робот «Гаганиян» ғарыш кемесінің тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін тексеруі тиіс. Оның аты – Vyommitra. Роботтың бұл есімі "вйом" ("кеңістік", "ғарыш") және "митра" ("дос") деген екі санскриттік сөзден құралған.

«Астронавт Vyommitra ғарышта адам сияқты жүретіндей әрі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен әрекеттесетіндей етіп жасалған», – дейді Джитендра Сингх.

0
0
154

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан қаза тапқан барлық адамның денелері табылды

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, Алматыдағы лай көшкіні салдарынан құлаған үйдің астынан 4 адамның денелері табылған.

Қаза тапқандар - 1984 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел жәе 2007 жылғы егіз жасөспірімдер.

Көршілерінің айтуынша, бұлар - бір отбасы.

0
0
123

Қызылордалық келіншек екі баласын Түркістанда өлтіріп, Шымкенттегі қонақ үйге барған

Күдіктіні іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Көршілес аймақтар мен мегаполистер бағыттамалар берілген.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстаған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Мұрат Қабденов.

Айта кетейік, бір күн бұрын Түркістандағы жалдамалы пәтерден екі баланың денелері табылған еді. 31 жастағы келіншек үйдегі кикілжіңнен соң осы қалаға кетіп қалған екен.

0
0
186

Алматыда үйлерді лай көшкіні басқаннан кейінгі алғашқы сәттің видеосы тарады

Алматыда лай жылжымасынан кейінгі алғашқы сәттің видеосы ғаламторға шықты.

Оны қазір іздестіріліп жатқан отбасының көршісі түсіріп алған.

(Видеода бейәдеп сөздер бар!)

0
0
184

Ақтау әуежайында "жұтқыш" наркокурьерлер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізетін контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады. Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артықты құрады. Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-текс…

0
0
198