Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Соғыс жылдарындағы әндер жаңаша шырқалды

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы соғыс ардагерлеріне арнап Жеңістің 70-жылдығына орай ұйымдастырылған «Шын жүректен» атты концертте соғыс жылдарындағы әндер заманауи аранжировкада жаңаша шырқалды. Оның телевизиялық нұсқасын 9 мамыр күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасынан кқруге болады. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды. Естелік концерт қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрдің қатысуымен өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, «концерт 1941-45 жылдардағы соғыста жауынгерлердің қаһармандық ерліктеріне деген құрмет және жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеп, күшейтуге арналған». Мерекелік концертке ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қ…

0
0
1598

Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жән…

0
0
398

По многочисленным просьбам телезрителей телеканал «Қазақстан» покажет продолжение сериала «Көк тарландары»

По многочисленным просьбам телезрителей телеканал «Казахстан» покажет продолжение первого в Казахстане сериала на «солдатскую» тему - «Көк тарландары». Картина повествует о ежедневной непростой жизни военных, их подвигах, сложной работе, готовности рисковать жизнью во имя защиты Родины. В центре событий - молодые новобранцы, каждый из которых жил до армии своей личной жизнью, заботами в своем маленьком мире. Но однажды настает решающий момент в их судьбе – служить Отечеству. Новобранцам разных национальностей предстоит пройти срок службы в армии, где они научатся воспитать в себе чувство ответственности перед Родиной, приобретут новых друзей, станут сильнее, лучше и смелее. Герои сериала научатся находить выход из разных сложных жизненных ситуаций, с которыми им придется сталкиваться ежед…

0
0
632

Сайлау күні қала халқы қоғамдық көлікпен тегін жүреді — Қызылорда

26 сәуір күні Қызылорда қаласының барлық қоғамдық көліктері жүргіншілерді тегін тасымалдамақ. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС қала аумағында 22 бағыт бойынша қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсетеді. Сайлау күні, яғни сәуірдің 26-ы күні таңғы сағат 6-дан күндізгі 14.00-ге дейін барлық бағыт бойынша қатынайтын 200 ден астам жолаушылар көлігі тұрғындардың тегін жүруіне мүмкіндік жасап отыр. Серіктестік осылайша, сайлау күніне өз үлесін қоспақ. Айта кету керек, мұндай шара автобус паркінің бастамасымен бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында да қоғамдық көліктерде тегін қызмет көрсетілген болатын. Сайлау күні қала халқы қоғамдық көлікпен тегін жүреді . ҚазАқпарат Қос…

0
0
287

Жастарға арналған жаңа «Қыздар» телехикаясының бас кейіпкерлері студенттік журнал шығаруды игереді

23 сәуір күні жастардың романтикалық комедия жанрында түсірілген жаңа, 32-сериялы «Қыздар» телехикаясы эфирге шығады. Телехикая «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» киностудиясымен түсірілген. Хикая сюжеті бір-біріне мүлдем ұқсамайтын төрт бойжеткен оқитын қазақстандық беделді жоғары оқу орындарының бірінде өрбиді. Олардың екеуі – Айлан мен Мерей ауқатты отбасынан шыққан қыздар. Ал Айзере мен Қанекей – өмір бойы өздеріне ғана сеніп үйренген жандар. Төртеуі ешқашанда дос болмас еді, бірақ оларды біріктірген бір-ақ нәрсе бар – журнал шығару ісі. Жай ғана журнал емес, ең үздік, заманауи, сәнді, әрі танымал журнал шығару ісі! Редакция құру және журналда қызмет ету жалпылама оқиғалардың алаңына айналады. Жастар үшін маңызды болып табылатын махабба…

0
0
1989

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған тілектерді «далалық пошта» арқылы жолдауға болады

Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған дәстүрлі «Көктемнің шуақты күндері-2015» атты акция басталды. Шара аясында М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Ардагерге хат» атты «далалық пошта» жұмысы жаңданбақ. Ол арқылы қала тұрғындары мен оқушылар ардагерлерге өз тілектері мен жылы лебіздерін жазып жолдай алады. «Далалық поштаның» басында кезекшілер болады, сол жерден баршамен бірге хатты рәсімдеп, бояп немесе үлкен мерекелік хатты құрастырып, қан майданда от кешкен ардагерлерге жіберуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар қаланың білім басқармасының бастамасымен мектептерде балалардың майдандық бригадалары құрылды. Осылайша, майдандық бригадалар «тимуршылардың» ізін қуып, ардагерлерге көмек көрсететін болады. Сондай-ақ «далалық поштадан» түскен хаттарды арнайы шағын автобуспен ардагерлерг…

0
0
474

ҒАЛЫМДАР: Баланың ақыл-парасаты ата-анасының білімімен байланысты

Ғалымдар баланың ақыл-парасатының деңгейі туралы екі түрлі болжам айтады: бірі оны генетикасымен байланысты десе, екінші тобы баланың зердесіне сыртқы факторлардың әсері бар деген болжам айтуда.Вирджиния университеті мамандарының соңғы зерттеулері білімді ата-анадан туған баланың ақыл-парасаты да жоғары болып келетінін дәлелдеді. Мамандар Швециядағы 436 ер адамның IQ деңгейін салыстырды. Олар екі бөлек отбасында тәрбиеленген ағайынды балаларды зерттеген. Бірінші топтағы балалардың биологиялық ата-анасы бар болса, екінші топ - асырандылар. Нәтижесінде18-20 жастағы асыранды балалардың ақыл-парасатының деңгейі екінші топтағы балаларға қарағанда 4,4 пункт жоғары болған. Швецияда басқа мемлекеттердегідей бала асырап алушылар көп. Сондықтан да оған қойылатын талаптар да жоғары болып келеді. Зер…

0
0
252

Қырғызстан Үкімет басшысы Қазақстан Елшісіне алғыс айтты

Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаевты оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында Үкімет басшысы Б.Исабаевқа қазақ-қырғыз қарым-қатынасын дамытуға көп жылдан бері үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты. «Бұл уақыт аралығында екіжақты маңызды мәселелер шешіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соңғы бір жылда екі ел арасындағы сауда айналымы да жақсы нәтиже көрсетіп, 1 млрд. долларға жетті», - деді ол. Д.Оторбаев Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу үдерісіне көрсеткен көмегі үшін және Кеден Одағына қосылудағы жол картасына қажет ұйымдастырылған іс-шаралар үшін Қазақстанға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, ол Б.Исабаевты…

0
0
447

Лондонда футболдан Олимпиада чемпионы Б.Артаев атында турнир өтті

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев кубогына арналған студенттер арасындағы футбол турнирі таяуда Лондонда өтті. Бұл - осымен екінші мәрте өтіп отырған шара. Бұл турнирге әбден жаттыққан 16 команда келді. Тартысты ойын көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шыға білді. Жасыл алаңдағы ең үздік ойын Бристоль мен Лондонның университеттік колледж командалары арасында өтті. Сайыстың соңғы сәттерінде 2:0 есебімен жеңіліп жатқан лондондықтар қарсыластарынан жеңісті жұлып алып, 3:2 есебімен жартылай финалға жолдама алды. Қатарынан 3 гол соғып, командаға жеңіс сыйлаған шабуылшы Назар Өтеғұловтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол төрешілер тарапынан да жоғары бағаланып, «Турнирдің үздік ойыншысы» атағына ие болды. Турнирдің өтуіне мұрындық болған Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі мен «Болашақ» халықаралық…

0
0
327

Алматыда көрнекті жазушы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті

Бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада Қазақстанға белгілі жазушы-аудармашы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті. Оған жазушының көзін көрген үзеңгілес достары және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысты. «Бүгін біз елімізге белгілі қоғам қайраткері, қазақ, орыс және неміс тілдерінде қатар қалам тербеген көрнекті жазушы, дарынды аудармашы, тамаша публицист Герольд Бельгерді еске алу үшін жиналып отырмыз. Ол биыл 7 ақпан күні 81 жасына қараған шағында дүниеден озған еді. Бірақ, оның патриоттық рухқа толы шығармалары мәдениетіміздің асыл қазыналары болып қала бермек», - деді осы кешті ашып жатып белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов. Ол сонымен қатар, Алматыда бір көшеге Герольд Бельгердің есімін беру керектігін алға тарты. Гер аға соңғы 41 жыл өмірін осы Алматы қаласында өткізг…

0
0
357