Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Елбасы: Әйел — ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі

Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. «Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Мемлекеттік қызметте де басым бөлігі, жартысынан көбі - әйелдер. Денсаулық сақтау саласында 75 пайызы әйелдер, халық ағарту мәселесінде - 65 пайыз, бизнестің 40 әйелдердің қолында. Денсаулық сақтау саласында да жұмыс істейтіндердің 75 пайызы - әйелдер. Яғни, ұлтымыздың денсаулығы әрқашанда әйелдердің қолында: үйде де, жұмыста да», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болғанына назар аударды. «Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағы…

0
0
334

Астанадағы білім ордаларында Мемлекеттік рәміздерге арналған сабақтар өткізілуде

Бүгін елордадағы барлық білім беру ұйымдарында «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым» бірыңғай сабақтары өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында өткізіліп отырған іс-шара адам өмірінің барлық тұстарын қамтитын ақпараттық-мәдени және білім беру, заңнамалық сипатқа ие.

Бірыңғай сынып сағаты Елбасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда. Оның басты мақсаты - жас ұрпақты отаншылдықа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеп, қоғамның рухани бірлігін күшейту болып табылады.

ҚазАқпарат

0
0
378

8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады

Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады.

Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілетін Халықаралық әйелдер күнінде азаматтар  үш күн - 7, 8 және 9 наурызда демалады. 8 наурыз жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі - 9 наурызға шегеріледі.

21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн демалатын болады.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» ҚР Заңына сәйкес мереке аптаның демалыс күндеріне дөп келсе, демалыс күні мейрам күнінен кейінгі жұмыс күніне шегеріледі.

ҚазАқпарат

0
0
953

1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi — вице-премьер

1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi. Бұл туралы бүгiн "Бәйтерек" холдингiнiң қоғамдық кеңесiнiң отырысында ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi. Жыл соңына дейiн жалға беру мақсатында пәтерлердi сатып алу және құрылысын жүргiзу бойынша ай сайынғы жоспарлар жасалды. Наурызда алғашқы 1357 жалға берілетін пәтердi Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Семей қалаларында пайдалануға беремiз. "Бәйтерек" холдингi аталмыш пәтерлер бойынша келiсiмшарттар жасады және жергiлiктi органдарға пәтерлердiң мағлұматтарын жiбердi. Әкiмдiктер соған орай, үмiткерлердiң қорытынды тiзiмiн жасап бiтуi тиiс. 20 наурыз және 1 сәуiр аралығында бiз 1357 пәтердi үлестiрiп бiтуiмiз керек", - дедi ол. Оның сөзiне қарағанда, биыл арендалық мақсатқа 78,7 мл…

0
0
231

Сенатор 2-3 мың студенті бар университеттерді жабуға кеңес берді

Бүгінде 2-3 мыңдай ғана студенті бар қазіргі «университеттерді» статусынан айырып, тиісінше академиялар, институттар қылып қайта құру туралы Заңдарға толықтырулар мен түзетулар енгізу керек. Мұндай ойды бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты. «Еліміздегі 17 млн халыққа 127 жоғары оқу орыны білім беруде, олардың 72-сі жекеменшік. Жоғары білім беру саласы ең мықты дамыған Ұлыбританияда 63 млн халыққа небары 89 ЖОО бар. Сондықтан біз ЖОО саны жөнінен әлемнің алғашқы ондығына кіреміз, ал сапасы жөнінен ойланатын мәселе өте көп», - дейді ол. Депутаттың айтуынша, дамыған мемлекеттерде жоғары білімді мамандар қанша керек, қай салаға қажет деген мәліметерді зерттеп, реттеп отыратын арнайы институттар жұмыс жасайды. «Ал біздің елімізде ондай қызмет әзірге жоқ…

0
0
191

Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан елдер қатарында 11-ші орынды иеленді

Bloomberg агенттігі жариялаған зерттеуге сәйкес алдағы екі жылда Азия және Африка елдерінің экономикасы олардың еуропалық немесе американдық көршілеріне қарағанда тезірек дамиды. Экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан топ-20 елдің қатарына негізінен Азия және Африка елдері кірген. Бұл рейтингте 11-ші орын Қазақстанға бұйырды. Аталмыш рейтингте Қытай көш бастап тұр. 2015 жылы бұл ел экономикасының өсімі 7 пайызды құрауы мүмкін, деп жазды Bloomberg. Филиппин мен Кения рейтингте екінші және үшінші орындарға жайғасты. Жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына және тұрғындарының 40 пайызы кедей болғанына қарамастан, зерттеу көрсеткендей, биыл кениялық экономика 6 пайызға өсуі мүмкін. Рейтингтің алғашқы бестігіне Үндістан мен Индонезия да кірді. Ағымдағы жылы әлемдік ЖІӨ 16 пайызын құрайтын Қытай, Ф…

0
0
1016

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. «Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады», - деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді Қ.Тұрғанқұ…

0
0
276

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Президент сайлауын жүргізуге қаражат республикалық бюджеттен бөлінетіндігін атап өткен ол: «Сонымен қатар президенттікке кандидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің, азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмекпен құрылады. Әрбір кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс», - деді. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша ел азаматтарына президенттік сайлауды жеткізу мақсатында…

0
0
327

«Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдайды

«Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. Оның атап өтуінше, бүгін партия саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда саяси шешім қабылданған. Б.Байбек партия мәлімдемесін Қазақстан халқына жария етті. «14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі 2015 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. «Нұр Отан» партиясы елдегі саяси күш ретінде аталған бастаманы қолдайды. Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны таралып, күрделі геосаяси қысымның салдарынан жағдай шиеленісе түсуде. Дәл осы кезеңде тіпті әлемнің ең дамыған е…

0
0
935