Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Сұлу болу сырлары қандай?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

Сәнде бастысы – жарасымдылық. Адамның талғамына шектеу қоюға болмайды. Дизайнер мамандар бірнеше жыл қатарынан маңыздылығын жоймайтын,  уақытша сәнге бағынбайтын, классика болып қалатын киімдерді таңдауға кеңес береді.

Бүгінде елімізде сән әлеміндегі соңғы трендтерді барынша халыққа ұсынатын дүкендер көп-ақ. Олар қала тұрғындарының талғамын қалыптастырып та үлгерді.

Қазір жастардан бөлек, жасөспірімдер де сәнді киінгенді жөн көреді.  Сұлу болу сырлары қандай? Ажарлы әлпет пен сәнді киініп жүруді кімнен үйрене аламыз? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

0
0
722

«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

Осы жылы 102-рет ұйымдастырылып отырылған «Тур де Франс» көпкүндігіне «Astana Pro Team» велоклубының атынан қатысатын шабандоздар тізімі белгілі болды. 4 шілде күні Нидерландының Утрехт қаласында басталатын велокөпкүндік 26 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында аяқталады. «Astana Pro Team» велоклубының атынан өнер көрсететін спортшылар: Винченцо Нибали (Италия) Ларс Бум (Нидерланды) Микеле Скарпони (Италия) Андрей Гривко (Украина) Дмитрий Груздев (Қазақстан) Льюве Вестра (Нидерланды) Танел Кангерт (Эстония) Якоб Фульсанг (Дания) Рейн Таарамяэ (Эстония) Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы «Astana Pro Team» велоклубының капитаны – Винченцо Нибали. Astana Pro Team (Астана, Қазақстан) – қазақстандық кәсіби велокоманда. UCI ProTeam дәрежесін клуб құрылғ…

0
0
418

Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Жуырда «Астана» әніне бейнебаян түсірген әнші: «Бейнебаянның сөзін жазған – Таңшолпан Абайқызы, әні – өзімдікі», - дейді. Берік Сексенбекұлы қазір «Мәңгілік ел» атты әнді жазып бітіріпті. «Одан басқа да әндер бар. Әндерім дені патриоттық бағытта. Алғашқыда, лирикалық әндерді де жаздым. Бірақ, Астананы көргенде ән жазбау мүмкін емес», - дейді ол. Домбырамен қатар, фагот атты аспапты шебер меңгерген Берік Сексенбекұлы әу баста бұл аспапты меңгеру ойында бомлағанын айтады. «Оқуға түсерде гитарамен ән айтамын, деп келдім. Алайда, онда мектептен алған музыкалық білім керек екен. Менде музыкалық білім болмаған соң, қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсе алмайтынымды айтты. Содан…

0
0
583

Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?

Егемен ел болып, етек-жеңіміз жиылып, ертеңімізге нық сеніммен қарауға медет болып, дем беретін басты факторлардың бірі – Республика рәміздері. Мемлекеттік ту, елтеңбе мен әнұран еркіндігімізді айғақтап, тәуелсіз, тұғырлы ел екенімізді паш етеді. Содан болса керек, халықтың ұлттық рәміздерімізге деген сый-құрметі айрықша, өзгеше. Осы орайда, ежелден көшпелі халықтың өмірінде үлкен маңызға ие болған байрақтың рөлін атай өту қажет. «Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат береді...». Осы өлең жолдарынан-ақ Мемлекеттік рәміздің мән-мағынасын, оған деген құрметті байқауға болады. Ал, осы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын талап қандай? «Әр Мемлекеттік Тудің стандарты бар. Бірінші – өлшемі. Мемлекеттік Тудың ені – 1 метр, ал, ұзындығы – 2 метр болуы керек. Екінші стандарт – матасына қарай Тудың екі тү…

0
0
954

Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек?

Бүгінгі ғылым тәрбиені сәби дүниеге келмей тұрып-ақ бастап кету керек дейді. Ата-анасын қызығына бөлейтін баланың болашақта азамат болып қалыптасып, тәрбие көрген, ынталы, зерделі адамға айналуы махаббатты талап етеді. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ үлкен жауапкершілік пен міндетті мойнына алған ата-анаға «Балапан» телеарнасы осы жолда көмекке келер бірқатар кеңес ұсынады. Ақпарат 2014 жылы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жариялаған «Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық және психикалық-әлеуметтік дамуы (0-5 жас)» оқу-әдістемелік құралынан алынды. 6 айға дейін Сәби туған кезден бастап көруіне, естуіне, сезуіне, қозғалуына мүмкіндік жасаңыз. Бала ұмтылуы үшін оған үлкен, көрнекті заттар беріңіз. Сонымен қатар, зерттеуі үшін жаңа заттар ұсыныңыз. Көзіне күлімсіреп қараңыз. Сәбид…

0
0
513

«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды

«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Байқауға ата-аналардың өздері жазған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған, қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады. Ертегі жанрына ешқандай шектеу жоқ. Ең үздік ертегінің сценарийі бойынша анимациялық мультхикая түсіріледі. Сондай-ақ, жеңімпаз шығармасының кітабы шығарылады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы. E-mail арқылы хабарласамын десеңіз: [email protected] Егер ертегі дейтін сиқырлы әлемнің шаршамайтын, жалықпайтын «тұрғыны» болсаңыз, ойыңызда қызықты сюжеті, тамаша кейіпкерлері бар хикая жүрсе, міндетті түрді байқауымызға қатысыңыз…

0
0
622

Астанада «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылады

Осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының базасында тәулігіне 21 сағат хабар тарату көлемімен бірінші мемлекеттік «Kazsport» спорттық телеарнасы іске қосылды. Мамандырылған арна Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған болатын. «Kazsport» бұл - «Eurosport», «Спорт 1», «Спорт+» және басқа да еуропалық және әлемдік спорттық телеарналардың деңгейінде хабар тарататын Орталық Азия аумағындағы жалғыз спорттық телеарна. Арнайы осы датаға арнап 12 шілде күні сағат 11.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізіледі. Топтық және жеке есептегі турнир жеңімпаздары грамоталармен, Кубоктармен және статуэткалармен марапатталады. Ест…

0
0
635

«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

Ғасырлар бойы ән мен жырдың асылын өзі теріп, өзі таңдап, өзі құрметке бөлейтін халықтың таңдауы талқыға түспек емес. «Қалт айтпайтын» елдің көңіліндегіні тап басып тауып, ауыздан-ауызға жететін шығарма шын бағасымен есте қалады. Сондай туындылардың бірі – атақты «Нурикамал» әні. «Нурикамал» әні – ерлі-зайыпты жандардың туындысы. Әннің сөзін жазған ақын Ханбибі Есенқарақызы жолдасы Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал деген қызға ғашық болғанын айтады. Бір күні ақын жан жарының пианино жанында отырғанын көреді. Сәлден соңы қасына барып, «айтқың келгені осы ма еді?»,-деп әннің мәтінін алдына тастайды. «Нурикамал – өмірде бар лауазымды қызметтегі сұлу бойжеткен. Әуелі ол қандай адам, менен артық па деп ойладым. Әйелдердің барлығында дерлік эгоистік сезім болады. Бірақ, көбі жағдайдың байыбына бар…

0
0
16422

«Apta.kz» студиясында қонақта – Ерлан Қарин

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, қоғам қайраткері, танымал ғалым, саясаттанушы Ерлан Қарин «Apta.kz»-ке сұхбат берді. Сұхбатта әлемдік лаңкестік мәселелері, Орта Азия проблемалары, Ислам мемлекеті, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар көтерілді. Сондай-ақ, геосаясат пен әлемдік картадағы Астананың алар орны да сөз болды. Өзекті тақырыптарды тілге тиек еткен әңгімені назардарыңызға ұсынамыз. -Ерлан мырза, сіз халықаралық терроризмді арнайы зерттеп жүрген санаулы азаматтардың бірісіз. Мына қорғанысы да, экономикасы да оңалмай қойған Тәжік мемлекеті жақында Орталық Азия мемлекеттеріне қауіп төнетінін айтты. Қауіп кімнен? Қаншалықты? -Егер де, сол Ауғанстаннан Таяу Шығыс бағытынан қандай да бір қауіп-қатер төнсе, ең алдымен бірінші соққ…

0
0
429

Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасы қандай?

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келіссөздерді аяқтады. Яғни, әлемдік сауда элитасының қатарына кірді. Ал одан бізге қандай пайда бар? Мемлекеттік бюджеттен бастап қарапайым азаматқа дейін оның келіп-кетері не? «Apta.kz» бағдарламасы осы сауалдарға жауап іздеді. 1990 жылы аталған ұйымның тек 77 мүшесі болған екен. Біздің ел биыл 162-ші болып тіркелді. «Елдегі шағын және орта бизнестің нарықтық аясы кеңейе ме, Еуропаға, Шығыс Азияға тауарды еркін өткізіп, оны сатуға мүмкіндік ашыла ма?» дегендей күмәнді сауалдарға Президенттің жауабын естідіңіздер. Қазақстандық кәсіп иелері дамыған, жетілген, құрылымы сауатты түзілген сауда нарығына кіреді. Ұйымға мүше мемлекеттер біздің тауарларға бірдей мүмкіндіктер беруге кепілдік етеді. Расында, жаһанның 160-тан астам мемлекетін бірікті…

0
1
1020