Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек?

Бүгінгі ғылым тәрбиені сәби дүниеге келмей тұрып-ақ бастап кету керек дейді. Ата-анасын қызығына бөлейтін баланың болашақта азамат болып қалыптасып, тәрбие көрген, ынталы, зерделі адамға айналуы махаббатты талап етеді. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ үлкен жауапкершілік пен міндетті мойнына алған ата-анаға «Балапан» телеарнасы осы жолда көмекке келер бірқатар кеңес ұсынады.

Ақпарат 2014 жылы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жариялаған «Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық және психикалық-әлеуметтік дамуы (0-5 жас)» оқу-әдістемелік құралынан алынды.

6 айға дейін

Сәби туған кезден бастап көруіне, естуіне, сезуіне, қозғалуына мүмкіндік жасаңыз.

Бала ұмтылуы үшін оған үлкен, көрнекті заттар беріңіз. Сонымен қатар, зерттеуі үшін жаңа заттар ұсыныңыз.

Көзіне күлімсіреп қараңыз. Сәбиді емізіп отырғанда онымен әңгімелесіңіз.

Бала өскен сайын көбірек сөйлесіңіз. Әңгімелескенде түрлі-түрлі дыбыстарды немесе ишараларды пайдаланыңыз.

6 айдан 12 айға дейін

Сәби қолына ұстап, тарсылдатып, лақтыра алатындай таза, қауіпсіз тұрмыстық заттарды беріңіз.

Оның шығарған дыбыстарына жауап қайтарыңыз. Заттардың, адамдардың атын атаңыз.

12 айдан 2 жасқа дейін

Бүлдіршінге бір-бірінің үстіне жинауға, қалауға немесе одан суырып алуға болатын әртүрлі заттарды беріңіз.

Балаға қарапайым сұрақтар қойыңыз. Оның сөйлегісі келген әрекетіне жауап қайтарыңыз. Заттар мен адамдардың атын атаңыз. Бірге қарапайым ойындар ойнаңыз.

Балаға заттарды санап, атап, салыстыруына көмектесіңз. Оған қарапайым ойыншықтар жасап беріңіз.

Сондай-ақ, сөйлетуге тырысыңыз. Сұрақтарына жауап беріңіз. Оған оқиғаларды баяндауды, ән айтуды және ойнауды үйретіңіз.

 
0
0
507

Осы тақырып бойынша

Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек? - Yvision.kz