Астананың бас санитар дәрігері ата-аналарға үндеу жасады
Елордада қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Мұның басты себептерінің бірі – вакцинацияның жеткілікті деңгейде жасалмауы. Әсіресе, балалар арасында жағдай қиын. Осыған байланысты Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу тастады.Халықтың көп бөлігінде қызылшаға қарсы иммунитет қабатының болмауына себеп көп. Санитар дәрігердің айтуынша, бұл вирустың айналымы мен эпидемиологиялық процестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда.“Сондықтан ревакцинация жүргізіп, балаларға уақтылы екпе алу керек. Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл екпе алуға мүмкіндік барын атап өткім келеді. Осылайша вакцинация алмай науқаспен байланыста болған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі та…



