Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

«Майқайыңалтындағы» апаттан қаза тапқан құтқарушының қызы шағым айтты

Әлеуметтік желіде видео арқылы сөйлеген Олег Тышкевичтің қызының айтуынша, әкесі өзінің сүйікті жұмысында 27 жыл қызмет атқарған. Яғни ол кәсіби әскерилендірілген апаттан құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалында құтқарушы болып соншама жыл жұмыс істепті.Апаттан кейін «Майқайыңалтын» АҚ мен аталған штабы басшылығының қаза тапқандардың отбасыларына 4,5 миллион теңгеден берілетіні айтылған еді. Бірақ Тышкевичтің қызы Яна Осолодкова сол көмек дұрыс берілмеді деп отыр.«Әкемді жерлеген соң бізді барлығы ұмытты. Ешкім хабарласпады. Берген телефон нөмірлері жауап бермейді. Уәде етілген 4,5 млн теңге берілген жоқ. Тек «Майқайыңалтын» кенішінен 2 млн теңге көмек бөлінді. Маған тегін қызмет көрсететін психологтың көмегі қажет еді, ол да ұсынылмады. Қазір қызмет құны 2…

0
0
141

Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алып тасталды

Фотолар: Tengrinews.kz-

Астанадағы Ұлттық мұражайда қазір еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші қазір жоқ. Ол бұл жерден бірнеше күн бұрын алып тасталыпты.

Назарбаевтың ескерткіші елордадағыдағы Ұлттық мұражайға 2018 жылы шілдеде қойылған.

0
0
188

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға алғашқы төлем түсті

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар).Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.Бұл тек алғашқы есепт…

0
0
199

Қазақстанда бүгін тұңғыш рет Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні аталып өтіп жатыр

Биыл 1 ақпанда елімізде алғаш рет жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні аталып өтуде.

Фото: elements.envato.com-

«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан», - делінген Үкімет қаулысында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің түсіндірмесіне сай, бұл мерекені бекіту бастамасын биыл ақпанда ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

0
0
170

Вице-министр тауар немесе қызмет үшін аударым жасаудың тиімді тәсілін түсіндірді

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы мүмкін.

Фото: рixabay

«Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын, банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі» - деді қаржы министрінің орынбасары.

0
0
126

Өлгеннен кейінгі донорлыққа қатысты...

Осы тақырып соңғы кездері қатты талқылана бастады. Ауырған адамға өмір сыйлау сауапты іс дегеніміз дұрыс шығар. Бірақ сұрақ та баршылық.

Фото: time.kz

Жақында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзі бастап қайтыс болған соң сау ағзасын беретінін мәлімдеді. Одан кейін бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мағынадағы ойын айтты. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те бұрыннан қолдап жүр.

Ал қарсы сұрақ қарапайым тұрғындар тарапынан туындап отыр. Олар бұл істі дәрігерлердің адал атқаратына сенбейді.

Өлген адамның ағзасы біреуге донор бола алмайды деген сөз рас па?

Ертең жаппай келісім беру басталса, сол үшін бір жері ауырған адамды өлтіре салу басталмай ма?

0
0
228

Министр уақыт осы ауысқан күйі қалатынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыруға наразылықтар жайында пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған көшу қосымша шығындарды қажет етпейді.Фото: primeminister.kz-Журналистер Мәжіліске келген Шаққалиевке шығысқазақстандықтардың ел бойынша бірыңғай уақытқа көшуге наразылық білдіріп жатқаны жайлы мәселені жеткізді. Бұған министр қабылданған қаулының енді өзгертілмейтінін айтты.«Бірінші наурыздан бастап бәріміз бір уақыт белдеуінде боламыз. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарымыздың мәлімдемелері мен ұстанымдарына келер болсақ, жақында барлық аудандарда, елді мекендерде пікірін жариялаған тұрғындармен кездестік. Атап айтқанда, дәлелді базасы бар ғалымдар тобы нақты деректерге сүйеніп, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажет екенін түсіндірд…

0
0
259

Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді

Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін білдірді.

Фото: bizmedia.kz-

Сәденов осындай жағдай болғанына қынжылатынын жеткізді.

«Біз оларды анықтадық. Олар да кәмелет жасына толмағандар. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған 4 бала ұсталды», – деді министр.

Айта кетейік, Астанада мектеп оқушыларының сегізінші сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны туралы алдыңғы күні мәлім болған еді.

0
0
224

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензиннің сапасы қандай?

Жақында "Бекамен Көлік Жөндеу" ютуб-арнасының жүргізушісі Алматының сегіз жанар-жағармай бекетіндегі бензин сапасын тексерген. Олар: Газпромнефть, Royal Petrol, Asia Petrol, Sinoil, Helios, Gas energy, V-Oil және Qazaq-Oil.

"Тексеру үшін мен ОКТИС 2 аппаратын қолдандым - бензиннің октан санын тексеру үшін сертификатталған құрылғы", - деп жазыпты ютуб-арна жүргізушісі.

Ал тексерудің нәтижелері қалай болғанын төмендегі сілтемені басып көрсеңіздер болады (видео бұл сайтта көрсетілмейді, ютубтың өзіне кіру керек):

0
0
177

Елімізде педофилдерді өмір бойына түрмеге қамауды қарастыратын заң жобасы қарала бастады

«Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мәжілістің қарауына келіп түсті. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл заң жобасы мәжілісмендердің бастамасымен әзірленген.Фото: krichevlive.by-«Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиі…

0
0
203