Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Ерейментауда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Ішкі істер министрлігі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ айналысып келген синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды.ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған. "Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған…

0
0
235

Отандық трансвеститтер құтыра бастапты. Ал клуб белгілі шенеунікке тиесілі дейді

"Астанада отандық трансвеститтер елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап сұмдық мерекелік кеш ұйымдастырды. Білетіндер бұл клуб бір танымал шенеунікке тиесілі екенін айтады.

Нұртас Адамбайды көзін жауып, айтпай осы жерге кіргізіп жіберу керек", - деп жазыпты @egovpress.

0
0
253

Қазақ ұлдары арасынан шыққан алғашқы балет бишісі кім екенін білесіз бе?

Иә, білесіз бе? Біз осы күнге дейін білмей келіппіз. Оны енді төмендегі жазба арқылы тани аласыз....Бір орайы келгенде орнымнан тұрып, Саятқа (Медеуов - ред.) “Алмас Бекбосынов деген есім сізге таныс па?” деп сауал тастадым. Отырғандардың ешқайсысы естімеген боп шықты. Қысқаша айтып бердім. Себебі 2017 жылы телеарнада істеп жүргенде қазақтан ерлер арасынан шыққан тұңғыш кәсіби балет бишісі туралы бірнеше сюжет жасағанмын. Біз балет бишісі десе БолатАюхановты айтамыз. Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-қа барып, көкпар биін билеп, америкалықтарды таңғалдырған қазақ жігіті кім еді?Алғашқы 10 минуттық зерттеу репортажынан кейін редакцияға көп қоңырау соғылды. Тіпті Кенен ауылынан бір ақсақал келіп, біздің түсіру тобымызды және өнер зерттеушісі Айдар Жорановты ауылға қонаққа шақырды. Жамбыл облысы…

0
0
266

Қазіргі министр бұрынғы министр туралы ойын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің алдында ТЖМ-ны басқарған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыруға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.

«Ол кісі назардан тыс қалған жоқ. Басында-ақ сөйлестік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ ол қазіргі таңда өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайды. Дегенмен біз жақтан барлық ұсыныстар жасалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі қызметін 8 ай ғана атқарды.

0
0
184

Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ болған

Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды.

Фото: golos-naroda.kz

Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген.

"Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырып отыр.

0
0
204

Түркістан облысында көрде тұратын әже табылғанын көрсететін видео тарады

Instagram-дағы dudoser_kzz  парақшасына сұмдық видео жарияланды. Онда бір ер адам Шардара маңынан көрде тұратын апа табылғанын айтады.

«Біз көрде тұратын бір апаға келдік. Шардарадан 17 шақырым жерде айдалада тұрады судың жағасында. Енді о кісінің үйін көрсеңіздер, көрде тұрады. Апаның өзі міне. Әңгіме қазақ емес, орыс емес, өзбек емес, адам ғой. Адамдық қасиеттен айырылмауымыз керек. Жатқан жері мынау бірінші үйі. Кәдімгі көр. Дала минус 5 градус», – дейді әлгі видеодағы адам.

Бейнеролик кеше жарияланған. Әжейдің бұл видеоға түсірілгеннен кейінгі жағдайы бізге белгісіз.

Тек ulasova.aika есімді желі қолданушысы: «Ауруханаға жатқызылып емделді. Қазір баспана берді-ау» деп жазған.   

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
683

Итті тепкені және полицияға бағынбағаны үшін жазаланды

Қостанайда итті тепкен мас азамат полицейге бағынбағаны үшін қамауға алынды.Үйлердің бірінің кіреберісінде үш азамат болды. Осы сәтте анасы мен қызы өздерінің итімен жоғарғы қабаттан төмен қарай түсіп келе жатты.Ит алға қарай жүгіріп, адамдарға үре бастады. Ер адамдардың бірі итті аяғымен теуіп, ит қабырғаға ұшып кетті. Ит иесі полицияға жүгінді.Оқиға орнына келген учаскелік полицей олардан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық куәландырудан өтуді талап етті. Алайда итті тепкен азамат полицейдің заңды талабына бағынбай, өзін агрессивті ұстап, балағат сөйлеген. Содан полицей самбо әдісін қолданып, үшеуін медициналық куәландыруға жеткізді.Итті тепкен азамат қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды.Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағын…

0
0
191

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы боқтап сөйлегені үшін кешірім сұрады

Ғалымжан Жусанбаев ерте таңда келіп, өзі басқаратын кәсіпорынды тексеріп шыққан.

«Атырау МӨЗ бас директоры Ғалымжан Жусанбаев сын мен әшкерелеу көбейіп кеткеннен кейін кәсіпорында экскурсия жасап, боқтай жүріп онда болып жатқан барлық былықтарды көрсетіп шыққан. Оның содан кейінгі шұғыл ақталуына назар аудармай-ақ қойыңыздар», – деп жазыпты @egovpress.

Ал Жусанбаев ақталған видеосында бүй дейді:

«Осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Мен ұрыларға, жемқорларға солай сөйледім. Мені нашақор дейді. Таңғы сегізден түнге дейін жұмыста отырамын. Олар мені офисте отырып ішеді дейді. Маған әдейі жасап, олқылықтар тудырады». 

Ал видоены мына жерден көруге болады.

0
0
276

Ұлытау облысында 3 баланы қамқорлығына алған тұрғын оларды 5 жыл құлдыққа жеккен

5 жыл бойы фермада еңбек етіп, “құлдықта” болған балаларға, Ұлытауға барып келдім.Фото: depositphotos.comБүгін Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік. Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар. Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды. Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, к…

0
0
175

Асылы апамыз ауруханаға түсіп қалды

Қазақ тілінің жанашыры, филолог-ғалым Асылы Османның денсаулығы сыр берген. 

Фотто: ernur.kz

Асылы апамыз қазір ауруханада ем алып жатыр. "Адырна" ұлттық порталы тіл жанашырына хабарласып, оның жағдайын сұрапты.

"Шүкір, бүгін кішкене тәуірмін. Дене қызуым да түсіп, жөтелім басылды. Қазір ауруханада жатырмын. Бір апта ауруханаға барғым келмей, үйде жатып едім. Бірақ жағдайым нашарлаған соң осында келдім. Қазір коронавирус қатты жайлапты. Менің ауруым ол емес. Дәрігерлер қарап жатыр", - деді Асылы Осман.

0
0
239