Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Кәсіпкерлерден бастап студенттерге дейін бопсалаған ірі қылмыстық топ құрықталды

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - “Қармет” АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан. "Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жар…

0
0
300

БҚО-да құтқарушыға пышақ сұғылды

Оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында өткен кеште болған.
undefined
Жедел мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету мақсатында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзеннің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.

Ол аудандық ауруханаға кеуде тұсындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, құтқарушыға пышақ салған адам мас болған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

http://t.me/qr_tjm

0
0
295

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдар пойызбен эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды.Фото: t.me/satzhangram Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялауды ұйымдастырды. Кеше республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеулер енгізілген болатын.Тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы№8801/8802 жолаушылар пойызы бір рейске бекітілді.Сондай-ақ, «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №605/606 жолаушылар пойыздарына екі бағытта бір рейске қосымша вагондар қатынайды. Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау 31 наурыз күнінің соңына дейін жалғасады. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алу…

0
0
245

Қызыл су басқан аймақтардан 11 мыңнан аса адам эвакуацияланған

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.Штабтың негізгі міндеті – су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру.Штаб басшысы – Премьер-министр Олжас Бектенов. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды. Штаб құрамына Президент әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кірді.Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы және су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту шаралары туралы министрлер мен өңірлердің әкімдері тыңдалды.ТЖ аймақтарынан барлығы 11 306 адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру бекетт…

0
0
259

Жазушы Сәбит Досанов қайтыс болды

Белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досанов 84 жасында өмірден өтті.Фото: kazpravda.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы қазаға байланысты қаламгердің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады."Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысындағы Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. &nbs…

0
0
264

Бізде неге Президент араласса ғана іс алға жылжиды?

Фото: akorda.kzБаяғыда Аналарымыз: “Әкең келгенде таяқ жейсің!” деп айтатын. Бүгінгі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөгіс пен қатаң сөгіс бергені, тура сондай әсерде болғандай. Қытайдағы сапардан келген Мемлекет басшысы бүгін біраз атқамінерлерді сілкіп алды. Әлбетте бүгінгі Елдегі қайғылы жағдай - ол ситуацияның алдын алмаған жергілікті әкімдердің тікелей кінәсі. Оған дауа жоқ. Сол үшін кейбір әкімдер соңғы ескерту алды. Тіпті бір-екеуін алып тастаса таң қалмаймын. Премьер-министрдің орынбасары Р. Склярдың да тағдыры шешілген сияқты. Роман Василийұлының тікелей құзырындағы сектордан ахаулық кетті. Менің ойымша бұл жерден отставкадан басқа шешім жоқ. Су министріміз де “Пасейдон” бола алмады. Шу мен Таласты игерген адам Даланың суына қауқары жетпеген сияқты. Ең бастысы, Үкім…

0
0
286

Еліміздегі топан су басқан елді мекендерден 2800-ден астам бала құтқарылған

undefined

Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтері 7800 адамды, оның ішінде 2812 баланы қауіпсіз жерге жекізді.

ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және Ұлттық Ұлан әуе кемелері арқылы 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.

ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың кшіме 3,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылып, 300 мыңға жуық қапшық және 45 тонна инертті материал төселді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауында.

t.me/qr_tjm

0
0
282

Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін ата-ана не істеуі керек?

Ақмола облысының прокуратурасы «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» атты ата-аналарға арналған жадынама дайындады. Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңізЕгер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің Әкем емес (Анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағыларды назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз.Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз.Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі не…

0
0
269

Бүгін Президент су тасқындарына байланысты жиын өткізеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр.

Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады.

0
0
265

Ақтөбе облысына алматылық құтқарушылар шұғыл түрде ұшақпен жеткізілді

Бүгін Ақтөбе облысына Алматы қаласының Республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларның қосымша тобы ұшып жетті.

undefined

Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілген.

Құтқару міндеттерін орындау мақсатында РЖҚЖ қызметкерлері өздерімен бірге резеңкелі және моторлы қайықтарды, альпинистік жабдықтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын ала барды.

Кеше Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданында бөгет жарылып, Ырғыз өзеніне мол су құйылған еді.

Төтенше жағдай министрлігінің мамандары Талдысай және Жүргенов ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып жатыр.

0
0
295