Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру қажет - Тоқаев

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр.Мемлекет басшысы ең алдымен жиналғандарды Ғылым күнімен құттықтады. Ол кеңес отырысына келгендер арқылы Қазақстан ғалымдарына жылы лебізін жеткізгісі келетінін айтты. "Шын мәнінде, бүгінгі мерекелік күн – қоғамымыздағы ерекше сәт, себебі бұл күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз Ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады.Өздеріңіз білесіздер, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті. Еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін к…

0
0
536

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды. Алайда, ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.Инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігі…

0
0
346

Су басқан аймақтардан бүгінге дейін 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат

Азаматтық қорғау қызметтері 99 869 адамды, оның ішінде 36 591 баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала бар.

9 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.

0
0
305

"Жүрегімізбен алашшыл болып қалдық". Қаныш Сәтбаев туралы қызықты деректер

Бүгін ұлы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың (12.04.1899 – 31.01.1964) дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай оған қатысты қызықты деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. - Қаныш Сәтбаев қазақ жеріндегі Менделеев кестесінде бар барлық элементтерді тапқан. - Академик өрдегі Сарыарқаға қарай ағатын «Ертіс-Қарағанды» арнасының жобасын жасаған. Оның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылы аяқталды. Нәтижесінде Орталық Қазақстан толығымен сумен қамтамасыз етілді. - 1951 жылы Мәскеу Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов, Ахмет Жұбановарды ұлтшыл деп айыптап, Қаныш Сәтбаевқа осы адамдарды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойғызғысы келеді. Бірақ академик одан бас тартқан. Содан кейін Сәтбаевтың өзі биліктегіледің қаһарына ұшы…

0
0
869

Елдегі су тасқынына қатысты соңғы мәлімет

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат
undefined
Азаматтық қорғау қызметтері 98 мыңнан астам адамды, оның ішінде 33 мың баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың адам, оның ішінде 3 364 бала бар.

2 914 үй мен 1 848 аула аумағынан су бұру жұмыстары жүргізілді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
390

Әлеуметтік желіде Бишімбаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін әйелін ұрып өлтірді деген айыппен сотталып жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туған күні екен. Таңғалатынымыз, оны желіде кәдімгідей құттықтап жатқандар да баршылық.

undefined

undefined

undefined

Бишімбаев бүгін 44 жасқа толыпты.

Осы секілді құттықтауларға біреулер ашуланса, енді біреулер таңырқап отыр. Күліп жатқандар да бар.

Ал біздің айтарымыз, адамдар не әдейі істейді, не экс-шенеунікке қарыз болып қалған, не оның жақтастарынан ақша алған, не бұл - жалған аккаунттар. Басқа ештеңе емес!

0
0
304

Елімізде неше бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады?

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева еліміздегі тұрмысы нашар отбасыларда тұратын балалардың санын айтты.

undefined

Фото: freepik

Динара Зәкиеваның есебі бойынша, жағдайы нашар отбасыларда 12 мың бала өмір сүріп жатыр.

"Ол балалар үйде ата-анасының жанында, яғни оларды ата-ана құқығынан ешкім айырған жоқ. Бұл отбасылар бақылауда тұр. Балалары да отбасында тәрбиеленуде", - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Ол бұл қадамдар баланың отбасында өмір сүру мүмкіндігін барынша сақтау үшін жасалаынын жеткізді.

«Мемлекетіміздің мақсаты — отбасын нығайту. Сондықтан баланы отбасынан себепсіз әрі негізсіз тартып алуы мүмкін деп айту дұрыс емес», — деді Динара Зәкиева.

0
0
280

Педофилдер мен бала өлтіргендер тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ілеспе құжатты мақұлдады. Фото: DepositphotosСенатор Жанна Асанованың айтуынша, заңдар мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.«Бұл тұрғыда Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізіледі. Біріншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасаған адамға оған Кодекстің Ерекше…

0
0
292

Алматыда тағы бір жолаушы автобус жүргізушісін соққылады

Бүгін Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды.Қаланың Полиция департаменті инстаграмдағы парақшасында оқиғаның және күдіктінің ұсталғанын, оның кешірім сұрағанын көрсететін видео жариялады.Алматының Бостандық ауданында таңғы сағат сегіздер шамасында қоғамдық көлікте тағы бір жанжал шықты.98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық ниетпен, әсіресе қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамға көрнекі түрде құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қаскөй өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда, осы себепті жанжал туындады», - дейді, Бостандық…

0
0
299

Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбей қойды

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасуда.

undefined

Адвокат Ерлан Ғазымжанов төрайымдық етуші судья Айжан Құлбаевадан адвокаттар Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанованы сот залына кіргізуге рұқсат беруін сұрады.

Айта кетейік, бүгін қорғаушылар белгісіз себептермен сот отырысына уақытында келе алмады. Бірақ кеше адвокат Құсайынова үзіліс жариялар алдында өзінің басқа сот отырысына қатысып жатқанын айтып, судьядан бүгінгі отырысты сағат 10:00-ге шегеруге рұқсат беруін сұраған еді. Судья одан бас тартты.

Бүгін енді кешігіп келгені үшін кіргізуден бас тартып отыр.

«Олар үзіліс жарияланған кезде кіре алады, қазір тікелей эфир болып жатыр», - деді судья Айжан Құлбаева.

https://t.me/satzhangram

0
0
316