Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда тағы бір жолаушы автобус жүргізушісін соққылады

Бүгін Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды.
undefined
Қаланың Полиция департаменті инстаграмдағы парақшасында оқиғаның және күдіктінің ұсталғанын, оның кешірім сұрағанын көрсететін видео жариялады.

Алматының Бостандық ауданында таңғы сағат сегіздер шамасында қоғамдық көлікте тағы бір жанжал шықты.
98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық ниетпен, әсіресе қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамға көрнекі түрде құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қаскөй өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда, осы себепті жанжал туындады», - дейді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

0
0
273

Осы тақырып бойынша

Алматыда тағы бір жолаушы автобус жүргізушісін... - Yvision.kz