Су басқан аймақтардан бүгінге дейін 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат
Азаматтық қорғау қызметтері 99 869 адамды, оның ішінде 36 591 баланы эвакуациялады.
Уақытша орналастыру пункттерінде 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала бар.
9 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.
