Әлеуметтік желіде Бишімбаевты туған күнімен құттықтап жатыр
Бүгін әйелін ұрып өлтірді деген айыппен сотталып жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туған күні екен. Таңғалатынымыз, оны желіде кәдімгідей құттықтап жатқандар да баршылық.


Бишімбаев бүгін 44 жасқа толыпты.
Осы секілді құттықтауларға біреулер ашуланса, енді біреулер таңырқап отыр. Күліп жатқандар да бар.
Ал біздің айтарымыз, адамдар не әдейі істейді, не экс-шенеунікке қарыз болып қалған, не оның жақтастарынан ақша алған, не бұл - жалған аккаунттар. Басқа ештеңе емес!
