Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Петропавлды сумен қамтамасыз етуге өрт сөндіру көліктері пайдаланыла бастады

Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін сорғы станциясында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өртке қарсы сорғы станциялары жұмылдырылды.
Су құбыры желісі толтырылған бойда шамамен 19:00 дейін пәтерлерге су беру жоспарлануда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
272

Елімізде апат аймақтарынан эвакуацияланғандар саны 102 мың адамнан асып кетті

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (13.04.2024 ж.)
undefined
Азаматтық қорғау қызметтері 102 328 адамды, оның ішінде 37 537 баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала бар.

9,1 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
495

Президент күйші Әбдімомын Желдібаевтың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.Президент Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты."Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын",…

0
0
297

Ерке сылқым

Аруларға арналған әндер көп, жырлар да жетіп артылады. Бірақ күйлер аз. Бар болғанның өзінде тыңдарманның жүрегінде, құлағында қалған, өміршең күйлер саусақпен санарлық.Соның бірі – «Ерке сылқым». Бұл күйді білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда дәл осы тамаша туындыны күйшінің 20 жыл толғатқанын білеміз бе? Білсек те соның сырына үңілдік пе?Елордадан Шу қаласына ар­найы ат басын бұрып «Ерке сыл­қым­ның» авторы Әбді­момын Желдібайұлымен әңгімелескенімізде, күйші осы күйін тұңғыш тың­даған Тәңірден талантты ту­ған Тілендінің ұлы Нұрғиса ата­мыздың: «Мен мықты дирижер, дәулескер домбырашы шығармын. Бірақ нағыз күйші – мен емес, сенсің», деп баға бергенін айтып еді.«Ерке сылқымды» бала кезден бойға сіңіріп өстік, себебі әкеміз жиі тартады. Солай болып тұр­са да керім күйді толқи тың­даған әр жүре…

0
0
514

"Ерке сылқымның" авторы қайтыс болды

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.Әбдімомын Желдібаев Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақыт "Шу еркесі" халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.Автордың "Жетісу сазы", "Толғау", "Көк шолақ", "Сұңқар сезім", "Ерке сылқым", "Өмір өзен", "Әулие-ата", "Боз жігіт", "Ыдырыс" және тағы басқа күйлері мен "Сұлутер", "Қызыл гүлім-қызғалдағым", "Шырайлым", "Қызыл елiк", "Сырымды айтам" секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.Композитордың қазақ өнерінің алтын қорына енген "Өмір-дастан", "Жетісу сазы", "Шабыт", "Көкшолак". "Төле би толғауы", "Самғау", "Ерке сылқым" күйлерін ерекше атауғ…

0
0
569

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабындағылар хабарлады.

undefined

Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына:

⁃ 1009 арнайы техника;

- 2291 мекеме жұмысшылары;

⁃ 3643 ерікті жұмылдырылды.

68,7 шақырым бөгет тұрғызылып, 216 тонна гуманитарлық көмек жиналды. 744,2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

0
0
415

БҚО-ға Жайықтан қауіп төніп тұр

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Батыс Қазақстан облысына қауіп төніп тұр.

undefined
Ресейдің Орынбор қаласының тұсындағы Жайықтың су деңгейі 11 метрден асып кетті. Бұл нормадан 2 метрге жоғары. Сондықтан БҚО-ға топан су жуық арада жетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде Жайық жайылып, Орал қаласының іргесіне жетті.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
309

Астана су қоймасы кемеріне жетті

Астана су қоймасы 99%-ға толды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

undefined

Фото: gov.kz

Қазір келген суды транзиттік режимде өткізу жұмысы жалғасуда.

Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады.
Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

0
0
345

"Әр қиындықтың қайыры бар" - Президент биылғы су тасқыны туралы

Елімізде көп жыл бойы қордаланған мәселе әлі де аз емес. Түрлі саладағы түйткілдер шешілмеген. Соның салдарын енді көріп отырмыз. Бүгін Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.Мемлекет басшысы енді барлық мәселені міндетті түрде шешу қажеттігін, жүйелі жұмыс барлығын орнына келтіретінін айтты. Ол дәл қазір жасалған іс-әрекеттің игілігін ертең кейінгі ұрпақ көреді, сондықтан бүгінгілерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр деп есептейді. "Халқымыз бұдан да күрделі кезеңдерді еңсерген. Бәрін берекелі бірліктің арқасында жеңе білген. Қазіргі жауапты сәтте де мызғымас ынтымағымыз айқын көрініп отыр. Осы ауызбіршілігімізден айырмасын, барлығын да еңсереміз.Қазақ «Жамандық көрмей, жақсылық болмас» дейді. Елдің бірлігі де, мама…

0
0
282