Президент сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астанада ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті.Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті."Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқ…

