Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

600 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Адамгершілік

Ол кезде ауылды жерлерде дәрігер жоқ, ата-анасы сол жердегі емшілерді шақырып, қаратады. Бала айығып кете қоймайды. «Баланы емдей алатын енді кім бар?» дегенде: «Осында аузы дуалы Оспан қожа деген ғұлама бар, бір емдесе, сол емдер» дейді бір кісі. Содан Оспан қожаны алдырып, қаратқанда: «Балаңыз өзіне қойылған есімді көтере алмай жатыр. Мен үш күн дем саламын, Құдай қаласа, сәтін салып, балаңыз жазылып кетер. Алладан жәрдем тілеңіз. Кейін ол үлкен азамат болады», - депті. Кейіннен Димаш Ахметұлы үлкен азамат болып, ел басқарып тұрғанда әкесі осы жайды есіне салып: «Баяғыда Бақанаста саған дем салып, аман алып қалған Оспан қожа халық жауы болып ұсталып кетіп еді. Оның ұлы Сәрсен сол жерде аудан басқарды, Отан соғысына кетіп, қайтпады. Содан жалғыз ұл бар деп естимін. Текті әулеттен шыққан…

1
0
573

Мұның себебі не?!

Шетелге кетуге дайын 10% жас болса, соның 54,7% көшуге әзір.

Мұның себебі не?! Жастар әлеуметтік-экономикалық проблемалар депті. Бір жағынан егер де нақты көшуге қандай әрекеттер жасадың деп сұраса бұл көрсеткіш кемі екі есе төмендейтін шығар деп ойлаймын. Нақты жоспардан гөрі арман бәлкім. Жалпы, шетелге жұмыс істеп, тәжірибе жинау үшін барғысы келетін адамға сатқын, оңбаған деп қарауға мүлде қарсымын. Бірақ мұндай көңілдің деңгейі тым жоғары болғаны қалай десек те жақсы емес.

Ақпарат көзі

0
0
314

Бақытты қызметкер = табысты компания

Себебі компания қызметкерлерінің, күзеттің киімі жұпыны, ал жағдайлары нашар сынды көрінді дейді. Бір ғана осы көрініс мықты маманды жоғалтуға алып келді. Қарасаңыз, бәрі де google сынды компанияларда жұмыс істегісі келеді, өйткені мұнда тек айлық емес, жұмысқа қолайлы жағдай (working environment) жасалады, қызметкерді бағалайды. Сол концепцияның маңызды бөлігі - Work-Life Balance. Яғни, адамдар жұмыста "өлмеуі" тиіс, жеке өміріне уақыт болмаса қиын. Отбасы, бала-шағасы, достары үшін қызметкерде уақыт болуы керек. Ал бұл өз кезегінде адамның көңіліне әсер етеді, жұмыста тиімді бастайды.

Қысқасы, "бақытты қызметкер = табысты компания" ұстанымы қажет.

Ақпарат көзі

0
0
292

Жарнама жасатуың үшін бюджетің болу керек

Жақында екі үлкен кәсіпкер хабарласып, "Қанат Ислам патриот қой, отандық өнімді жарнамалап берсінші" - дейді. Бюджетің бар ма десем, бартер дейді. Сонда тегін футболка не кәстүм беріп еліміздегі ең атақты қазақ боксшысына өз өнімін жарнамалатпақ па? Әлде отандық өнімді қазақстандық болғаны үшін тегін жарнамалау шарт деген бар ма? Онда Генаға бір футболка не кәстүм берем, соны киіп суретке түсіп инстаңа салшы деп айтып көрсін. Әрине олай жасамайды. Себебі қазір әр жарнама ақша тұрады. Өте көп ақша тұрады. Қанат Ислам түгіл менің өзім ондай жарнамаға келіспеймін. Біреу менің жарнамам арқылы пайда табады екен де маған тек бір кәстүм? Заман өзгеріп кеткенін тағы бір естеріңізге салып қояйын. Мүмкін ондай ұсынысты сушиді тегін берсе инстаға салатын әншілерге айту керек шығар.

Ақпарат көзі

0
0
291

Өмір...

Қиялмен өмір сүріп ғұмырымызды құлпыртқымыз келеді. Сағымға сеніп сынақтан сүрінбей өтуді армандаймыз. Уақытша дүниеде, мәңгі бақыт тапқымыз келеді. Жалғаннан шынайылықты іздейміз. Өмір ғой...

Ақпарат көзі

0
0
317

Катар королі ақымақ па?

Араб елінің ең бай мемлекеті Катар королінің əйелі Шейха Моза! Өте білімді, мейрімді, əділетті патшайым. Катар мемлекетін осы əйел басқарып отыр десем қателеспеймін. Себебі осы кісінің тəрбилеген баласы билік басында! Киімі ашық- шашық біздің кейбір салафит зомбилердің пайымдауынша. Сонда билік басында отырған қатынға осылай ашық-шашық киіндіріп, талтаңдап жүргізіп қойған арабтар ақымақ па? Бұл кісі Америкада білім алған. Өз халқының көзі ашық, білімді болу үшін үлкен оқу орындарын ашып Америкадан ғалымдарды алдырып дəріс бергізуде. Ғылымға көп көңіл бөліп, елінің дамыған қуатты елге айналдыру үшін барын салуда. Егер бұл əйел болмағанда Катар елі баяғыда Сирия сияқты тас талқаны шығып жатар еді.... Біздің қара жамылып жүрген əйелдер неге осы əйелден үлгі алмайды? Ал енді біздікілер қандай…

0
0
429

Назарбаевтің АҚШ-қа сапарынан ең үздік суреттер

Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына жетінші сапары Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми кездесуі алғаш рет өткізілгендіктен ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысының Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты тарихи болып табылады.Қазақстан Президентінің ресми сапарын БАҚ белсенді түрде қадағалады, Назарбаев Ақ үйдің қақпаларына қарай келгенде, дәлізде оны Дональд Трамп қарсы алды.Жылы қабылдаудан кейін Назарбаев пен Трамп ғимаратқа кірді. Нұрсұлтан Назарбаев Рузвельттің кеңсесінде Ақ үйдің құрметті қонақтарының кітабына қолтаңба қалдырды. Бірлескен баспасөз мәслихаты еркін ортада өтті. Бұны әлеуметтік желілердегі қазақстандық және шетелдік журналистердің көптеген басылымдары дәлелдеді.Ең алдымен, Назарбаев Трампты АҚШ президенттігіне сайлануы…

0
0
600

Абайдың қара сөздері. Қырық бірінші қара сөз

Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді. Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге…

0
0
599

Абайдың қара сөздері. Қырық екінші қара сөз

Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа әдет жол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле шығаруға пысық, я сонд…

0
0
583

Абайдың қара сөздері. Қырық үшінші қара сөз

Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғ…

0
0
921