Ninety one: Той бизнеске қатыспай қалай музыкада пайда табуға болады
Топ 2014 жылдан бастап ORDA Brothers компаниясы ұйымдастырған K-Top Idols жобасының негізінде жиналды. Жоба жеңімпаздары Азамат Зенкаев (A. Z.) және Дулат Мұхаметқалиев (Zaq) бірінші болып Ninety one қатарына қосылды. Содан кейін кастинг арқылы оларға Батырхан Маликов (Alem) және Данияр Кулумшин (Bala) қосылды. Азамат Ашмакын (Ace) Оңтүстік Кореядағы SM-Entertainment-да машықтанудан кейін топтың мүшесі болды. Жігіттер тек ән айтып, рэп оқып, би билеп қана қоймай, әндерін және сол әндердің музыкаларын жазады.Ninety One Q-pop (Qazaq-pop) жаңа музыкалық жанрының негізін қалаушы болып табылады - K-pop (Korean-pop) сәніне ұқсас. Еркін және тәуелсіз ән айту, киіну үлгісін таңдаған олар өнерлерінің басында сырт келбеттері үшін өткір сынға ұшырады. Осыған қарамастан, олар өз стилін сақтай отырып,…
