«Құрметті отандастарым, мен, Асаубаева Бибісара, маған жанкүйер болып, алаңдап отырған қандастарыма ризашылығымды білдіргім келеді, мен сіздерді жақсы көремін және өз елімді жақсы көремін, бірақ қазір мен Ресейдің атынан өнер көрсетудемін, Ресей менің екінші отыныма айналды. Маған қазірдің өзінде гаджеттерді қолданатынымды сұрап жатырмын. Әрине, менің гаджеттерім - менің миым, ол күн сайын, әр сағатта жаттығады. Сыйқыр көрсету иллюзионисттер мен алаяқтардың ісі», - дейді Бибісара Асаубаева.
Сонымен қатар, ол АҚШ ұсынысы туралы сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, АҚШ-тан ұсыныс тұскені рас, алайда ол ұсынысты қабылдайтыны екі талай екендігін айтты. АҚШ ол басқа континент, басқа әлем. Ал Қазақстан мен Ресей мәдениеті, халқы, ауа райы бәрі ұқсас. АҚШ-қа ол тек жеңістер мен трофейлер үшін бармақ. Ал ол трофейлерді Евразияда сақтайтын болады.
2017 жылдың қыркүйек айында ресейлік тренер Москваға көшіп, Ресейдің атынан жарыстарға қатысып жүрген Қазақстан тумасы 13-жасар жас шахматшы, Бибісара Асаубаеваны алаяқтыққа, дәлірек айтсақ, ойында электронды құрылғылар мен гроссмейстерлердің кеңесін пайдаланды деп айыптаған еді. Өз кезегінде Бибісара Асаубаева адвокатымен бірге адал атын сотта қорғайтын болады.