Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Абайдың қара сөздері. Жетінші қара сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны…

0
0
3758

WBC жаңартылған тізіміне Қанат Исламды қосқан жоқ

Ол WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Джон Вераға қарсы міндетті кездесуді өткізуі керек болған, бірақ тараптар белгіленген мерзімде келісе алмады, деп хабарлайды sports.kz.Осы жағдайға байланысты Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың пікірі:- Қанаттың командасы WBA күрес туралы келісімшартқа қол қою рәсімін кешіктіргені туралы айтады, бірақ менің ойымша, келісімшарт болған жағдайда, ол мақұлданатын еді және ол WBA тарапынан ешқандай қиындық тудырмайды, және боксты өткізетін уақытты, орынды анықтауға мүмкіндік беретін еді.Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындағ…

0
0
277

Мұздықтар астынан жоғалған әлем табылды

Британ антарктикасының зерттеушілері бұрынғы Антарктикадағы Ларсен мұз айдынының астына орналасқан жарықтан 120 мың жыл бойы үзілген теңіз экожүйесіне экспедицияны жоспарлады. Бұны «Science Alert» басылымы жазады.2017 жылы A-68 айсбергінен алты мың шаршы шақырым мұз бөленгеннен кейін жарық осы аймақтағы су бағанына қайта ене бастады. Мұз су кеңістігін босатып, мұхитқа қарай жылжыды. Зерттеушілер қоршаған ортаның өзгерген жағдайлары жойылғанға дейін бұрын қол жетімсіз экожүйені зерттеуді жоспарлап отыр.Олар осы аймақта кездесетін теңіз жануарларын, микроорганизмдер мен планктондардың үлгілерін суреттейді, тау жыныстарының және теңіз суының үлгілерін алады. Экспедиция барысында ғалымдар мұздың экожүйесіне жол табу үшін спутниктік мониторинг мәліметтерін пайдаланады.Ларсен - Антарктиканың қа…

1
0
304

Адамзаттың ұрпағы

Дәл осы көшеменен кім жүреді,

Он жылдар, жүз жыл өтер, кім біледі.

Оны тек сол шақтағы күн біледі!

Оны тек сол кездегі түн біледі.

Бұлардың уақытпен бір жүрегі.

Кім салқындап отырар мына бақта?

Ойын-сауық ана жақ, мына жақта.

Сонда қалай?

Осы бақ орынында,

Адамдар алма-кезек құламақ па!?

Талай тарлан жақсыдан тірі адастым.

Мен сенен мәңгілікті сұрамаспын.

He айтам саған, табиғат, адамдарға,

Қимадың ғой өмірін бір ағаштың.

Адам байғұс жер бетін жасандырып,

Жасамайды өзіңе асау қылық,

Тек ескерткіш орнатар өздеріне,

Тау-тасты тыным алмай қашап жүріп.

Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күн әйтеуір жол алмасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!

0
0
675

Абайдың қара сөздері. Сегізінші қара сөз

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады.…

0
0
912

Қазақстан бақытты елдердің индексі бойынша жетінші орында

2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында Gallup тәуелсіз зерттеу агенттіктерінің халықаралық қауымдастығы әртүрлі елдердің арасында өткен жылды қорытындылауға арналған жыл сайынғы «Жылдың соңы» сауалнамасын өткізді.Жоба шеңберінде әлемнің 55 елінде 54 мың адамнан сұхбат алынды. Атап айтқанда, адамдарға жеке бақыт туралы сұрақ қойылды.«Сіздің жеке өміріңіздегі оқиғаларға байланысты сіз өзіңізді бақытты немесе бақытсыз адамға санайсыз ба?» деген сауалға жауап бергенде, бүкіл әлемде респонденттердің жартысына жуығы (59%) өздерін бақытты сезінетінін айтады.Олардың әрбір оныншы сұхбат беруші (11%) өздерін бақытсыз деп санайтынын айтты», - делінген зерттеуде.Респонденттердің төрттен бірінен көбі (28%) өздерін бақытты немесе бақытсыз сезінбейтіндігін айтты. Нәтижесінде әлемдік бақыт индексі - бұл…

4
3
1730

Абайдың қара сөздері. Тоғызыншы қара сөз

Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін! Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш б…

0
0
839

Абайдың қара сөздері. Оныншы қара сөз

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құран…

0
0
2052

Жұмыс пен отбасын қалай қатар алып жүру керек

«Бізде мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес жұмыс күні сегіз сағаттық. Ұлт жоспары бойынша «100 нақты қадам» шеңберінде кәсіпқойлықты арттыруға, мемлекеттік қызметкерлер меритократиясына және белгілі бір еңбек нормаларын белгілеуге бағытталған елеулі өзгерістер жасалды. Меніңше, мемлекеттік қызметшілер ең алдымен өздерінен бастауы керек. Егер Еңбек кодексінде сегіз сағаттық жұмыс күні белгіленсе, онда оны сақтау, жұмыс, отбасы және басқа да қоғамдық өмір арасында уақытты дұрыс бөле білу қажет », - деді министр.Оның айтуынша, Мемлекет басшысының министрлік жұмысында анықталған басты артықшылығы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау болып табылады.«Ұлттық экономика министрлігінде адам капиталын дамытуға және әлеуметтік дамуға, яғни біздің министрлік үйлестіруші органға айналд…

1
0
442

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!

Рақмет!

Жассың ғой жалыны мол,

Жалыны мол және де қуаты көп.

Ойлы жас!

Өлең -- менің бар тынысым,

Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін.

Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,

Біреулерден жүргем жоң арту үшін.

Оңашада ойларын тыным еткен.

Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.

Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,

Ақындар бар ішінен тынып өткен.

Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.

Бізді олардың балама біріне де,

Ұлыға да санама, іріге де.

Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,

Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?..

Ойлы жас!

Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен аңында арман бар ма

Жүрегінің түбіне кір жасырмай...

0
0
670