Қазақстанда ипотеканың бағасын арзандату жоспарлануда
«Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біз тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 2030 жылға 30 шаршы метрге дейін жеткізу арқылы ипотекалық несиелендірудің құнын төмендету мәселелері бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Үкімет отырысында Қасымбек.Оның айтуынша, биылғы жылы коммерциялық банктерден 125 млрд теңге мердігерлерге субсидияланатын қарыздар, сондай-ақ 105 млрд теңге ипотекаға бөлінетін болады.«Банк секторының жаңаруы 300 млрд теңгеге дейін жыл сайынғы несие көлемін және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің инвесторларының үлесін экономикалық белсенді халыққа 12% дейін арттыруға…
