Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Джиу-джитсудан халықаралық семинар

Алдыңғы жазбамнан белгілі болғандай, өткен аптаның соңында Астанада джиу-джитсудан халықаралық семинар өтті. Соған іле, тағы да бір фотосуреттер тобын ұсынып отырмын. Бұл жолы назарыңызға, 21 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің спорт кешенінде, аталмыш мереке аясында өткізілген бірнеше шаралар ұсынылып отыр. Олардың қатарында барлық жас және салмақ дәрежелеріндегі спортшылардың қатысуымен өткен ашық семинар, дүние жүзілік деңгейдегі шеберлердің өнер көрсетілімдері, төрешілердің халықаралық дәрежедегі сынақтан өту сертификатын қолға беру рәсімі.

 

 
3
6
718

Өлдің, «Шпион», қор болдың...

Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін... Әрине, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас, әуелі «ТриТэ» студиясы түсірген "Шпионның" әлеуетті тұстарын атап кетсек. Қор болған сюжеттің кінәлі кейпін бірнеше фактор, атап айтсақ, актерлар ойыны, шын өмірде жоба күйінде қалып, аяқсыз қалған КСРО астанасының келбеті, бірді-екілі арнайы эффект аз да болса ақтап ала алды. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының (НКГБ) аға майоры Октябрьский болып…

5
2
910

Тегеранға саяхат..

Сірә осы жазбаға да қолым жеткен сияқты.. Қаңтар айының басында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға сапар шектім.. Бұл менің Тегеранға ұшудың 4ші әрекеті еді.. Ирандық Махан Эйр 3 апта бойы Алматыға қона алмай кетті((( Үрімші арқылы Чайна Саутэрн Эйрлайнзбен ұшуға тура келді.. Виза құны Иран елшілігінің Алматыдағы өкілдігінде 10 000 теңге(негізі елшілік Астанада), қарастыру уақыты бір апта. Визасы өте әдемі.. Тегеран Имам Хомейни әуежайына келіп қондық.. Ұшақтағы жапон, қытай, кәрістің қыздары бастарына бірдемені байлап жатыр, үңіліп қарасам кәдімгі шарфты орау үстінде.. Ұшақтан шықтым.. Әуежайы Стамбул, Шанхайдікінен кем емес.. Швейцариялық сағаттардың, Мерседес пен BMW, Люфтганза мен КЛМнің жарнамалары көзді ауыртады.. Әуежайдан шыға берісте еркектер бір жаққа, әйелдер бір жақ…

Рейд. Көрерменді нокаутқа жіберетін кино

Осы жылдары «Аватар» мен Роберт Паттинсон қандай танымал болса, қайбір кездері Джеки Чан, Боло Янг, файтинг-кино сондай сұранысқа ие болған-ды. Бертінде Тони Джаа арқылы көптің көңілін өзіне құлатқан оңтүстік-шығыс стиліндегі төбелес жер-жерді жаулады. Бірақ, 3D формат шығып, елдің есін фэнтези фильмдер алған кезде, сарт-сұрт шайқас пен көз ілестірмейтін қол-аяқ қақтығысы кейінге ысырылғандай болған. Алайда, уэльстік режиссер Гарет Эванс пен индонезиялық актер Ико Ювайстың бір ойлағаны бар екен. Бюджеті бір миллион доллардың ар жақ-бер жағындағы (салыстырыңыз: «Көшпенділер» – 40 миллион) «Рейд» файтинг-стильдің қайта өрлеу дәуірін басынан кешіріп жатқанын көрсетіп отыр деп ойлаймын. Драмалық сипат пен аз ғана көлемдегі күлкілі көріністерді керемет қойылған төбелеспен өріп беретін фильм ай…

3
3
842

Поэтикалық қысқа метрді фильмдер. №5

Сәлеметсіздерме. Бүгін бұл циклдің арнайы шығарылымы. Сізге көрсеткім кеп тұрғаны жай қысқа метрді фильм емес, мультипликациалы фильм. Оған қоса қазақстандық. Сонымен, мультфильм "Тігінші мен ай". Түсірген Қалдыбай Сейданов. Қалдыбай Сейданов мультипликация өнерінде ерекше орын мен мәртебеге ие аниматорлардың қатарында. Онымен телеарналардан жиі көрсетіліп тұратын “Мүшел” немесе “Түйе сеніп бойына...” деген мультфильм арқылы таныспыз. Халық ертегісінің желісімен түсірілген бұл ертегінің де режиссері Қалдыбай Сейданов. Ол сондай-ақ “Қара қасқыр туралы аңыз”, “Мұра”, “Керемет” деп аталатын мультфильмдердің де авторы. Ерекше көзге түсетін “Тігінші мен ай” туындысы 1993 жылы түсірілген екен. Көптеген балалар мен ересектердің сүйікті туындысына айналған бұл ертегі таңғажайып қызықтар мен қиял-…

4
0
1492

Вегастық жігіттер, дем алыңдар, «Х жобасы» іске қосылды

Ескерту! Бассейні бар, ауқымды ауласы бар екі қабатты үйде есті алар музыкамен, көңілді достармен, әдемі қыздармен, нағыз жігіттермен бас қосып елдің аузында жүретін кеш өткізбегендер, не өткізуді армандамағандар бұл фильмді ұнатпауы мүмкін. Былай ғой. Сен қатардағы американдық мектепте оқитын 17 жасқа бүгін толған жасөспірімсің. Сені ешкім елемейді, алып баратын күшің де жоқ, көркің де шамалы. Кирби атты құрбың бар, бірақ, оған деген сезіміңді өзің де түсінбейсің. Тек мектептің нөмірі бірінші қыздарына сырттан тамсана қарайсың. Достарды да «жарытып» беріпті тағдыр – бірі семіз, көзілдірік киген аңқау, екіншісі өзін-өзі мықты көріп, өз басына, онымен қоймай сенің басыңа проблема тауып беріп жүретін түсініксіз біреу. Сонымен, қайтпек керек? Жақын маңдағы (арасында мектепті үш жыл бұрын біт…

4
3
1053

«Титандардың қаһары»? Жоқ, естімеппін

«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады. «Титандар шайқасының» (шатаспаңыз) сиквелі болған бұл фильм бізге түсіру командасын толықтай өзгертіп келіпті. Тек толқынданған бұйра шашын жіберген Персей бастаған негізгі актерлар тобы ғана сол қалпы (Андромеданы бұл жолы Розамунд Пайк ойнайды). Алғашқы фильмде Кракенді құрдымға жіберген Персейдің осы жолғы шабысы бөлек: ағаш тақтаймен Химераның отын қайтарады, қанатты атымен бірге «атасы» К…

5
2
814

Елімнің кереметі! 1 пайызы ғана...

Тілші қызметімнің арқасында, осы уақытқа дейін, кең байтақ елімнің ерекше жерлері мен қазақ тарихында ойып тұрып орын алған тарихи нысандарда болдым.Бұл жерлерге алыс - жақын шетелден келетіндер аз емес, ендеше біз де бұл жерлерді ерекше бағалауымыз керек сияқты. Сол кездегі әсеріммен осы суреттер арқылы сізбен бөліскім келеді, құрметті оқырман! Арыстанбаб кесенесі. Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстанбаб мазарының үстіне салынған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Ал мына төмендегі осы кесененің ішінде тұратын "Тайқазан". Түркістандағы қасиетті қазан. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн…

Қазақ тіліндегі HTC Titan Смартфонына шолу

Сәлеметсіздерме Yvision.kz қолданушылары! Бұл біздің YV-TV-ге гаджеттер жайындағы видео шолуымыз, Көпке созылып кеткен шолуымыз бүгін міне жарық көрді! HTC компаниясының жаңадан шыққан, «Titan» деген атқа ие болған смартфонға видеоны тамашалаңыздар! Қосымша ақпарат: Сипаттама, бағасы• Байланыстар: GSM 850/900/1800/1900 МГц, UMTS/HSDPA 900/2100, EDGE• Операциялық жүйе: Windows Phone 7.5 Mango• Процессор: Qualcomm MSM8255 жиілігі 1.5 ГГц• Жады: 512 МБ ОЗУ, 16 ГБ флэш (12.63 қолдануға мүмкіншілік бар)• Экран: 4.7”, 800x480 пиксель• Камера: 8 МП автофокуспен, 2 жарықтандырғыш, 720p видео 30 fps, алдыңғысы 1.3 МП• Сысмыз байланыс: Wi-Fi, Bluetooth 2.1 с A2DP, GPS, FM-радио• Батарейка: алмалы аккумулятор, 1600 мАч• Габариттары, массасы: 131.5 x 70.7 x 9.9 мм, 160 гБағасы: 115,000 KZT (mobistore…

Күн шығыс еліне сапарым, немесе мәдени шок!

Осыдан тура екі жыл бұрын Жапония еліне жұмыс сапарымен барған болатынмын. Күн шығыс еліне саяхат, шетелге алғаш шығуым еді. Сондықтан үміт зор болды. Жолдасым Даниалдан алған фотоаппарат ұшақтың ішінде-ақ өзінің тікелей міндетін атқара бастады))))))) Астанадан Токиоға 14 сағаттай ұшып бардық, негізі ұшықтар Сеул арқылы жетеді екен Токиоға. Бірақ біздің рейс тікелей ушты. Оған борттағы кісілер себеп болған. Нарито әуежайына қонғанымызда көз шалған мына "ANA" әуе компаниясының ұшақтары. Әуежай Токиодан 80 шақырым жерде орналасқан екен. Көлемі де әжептеуір үлкен. Ұшақты арнайы тұраққа орналастыру үшін әлі 25 минуттай уақыт "парковка" іздедік. Ақыры ұшақтан түсіп, әуежайдың сыртына шықтық. Айта кететін жайт, Жапонияда бос орынның бәріне түрлі өсімдік отырғызылады. Ағаштарды мына суреттегідей…