Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Қазақстандағы ең көрікті көпірлердің бірі — Семей қаласында!!!

Өткен жылы Семей қаласындағы аспалы көпірдің ең жоғарғы нүктесіне көтерілдім. "Біз білмейтін Республика" арнайы айдардың аясында жасалған материалға дайындық еді. Сол 90 метр биіктіктен Семей қаласының келбетін түсіріп, нәтижесін сіздерге ұсынамын.

Жапондықтар салған бұл аспалы көпірді қалпында ұстап тұру оіңай емес. Оған арнайы мекеме қызмет етеді. Қызметкерлер күнде көтерілетін 90 метрлі пилонның үстіне шығу оңайға соқпаған еді.

Көне Сарайшық құрып барады.

Былтыр көптен бері армандап жүрген көне Сарайшықты көрдім. Бірақ қуанып юарған жерімнен, өкініп қайттым. Өткені көне қалашықтың қазіргі жағдайы мәз емес. Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан 1950 жылы өзінің қазба жұмыстарын жүргізген. Мынау сол кезде түсірілген сурет. Археологтардың дәлелдеуіне сенсек, Алтын Орданың кіші астанасы атанған Сарайшық осындай шағын қала болған. Кезінде осы Орал өзенінің жағасында гүлденген, өз заманының заманауи қалашығы атанған Сарайшық осы өзен ағысымен құрдымға кетіп барады. Бүгінде Әлкей Марғұлан тапқан көне Сарайшықтың 30 пайызы ғана қалып отыр. Ал қазба жұмыстары жүргізілген орын қоршаулы тұрғанымен, жергілікті жастардың табыс көзіне айналды. Жергілікті балалар көне қалашықта әлі де табылып жатқан көне жәдігерлерді келген саяхатшыларға сатып жатыр…

"Джейн Эйр" әлде "Бір күн"?

Осы аптадағы көрермендер асыға күтіп жүрген романтикалық киноның бірі - режиссер Кэри Фукунаганың Шарлотта Бронте романы бойынша түсірілген "Джейн Эйр" драмасы. Романды оқымасам да, трейллеріне қызыққан мен бұл киноны көремін деп шештім. Алайда фильмнен шыққан соң, осыдан бір апта бұрын көрсетілген басқа бір романтикалық драма "Бір күнмен" салыстырмай қоя алмадым. Романтикалық туындылардың екеуі де әр түрлі. Алайда, екеуінің арасындағы ұқсастықтарды іздеп көрейік. Бір қызығы оқиға желісі екі фильмде де Англия төңірегінде өтеді. Тек бірі Англияның Викториан заманын, ескі, дәстүрлі Англияны көрсетсе, екіншісінде оқиға Единбургта 1988-жылдан басталады. Екі фильм де махаббат жайлы. Тек бірінде махаббат оқиғасы қайғылы аяқталса, қайсар қыз Джейн Эйр түп соңында өз сүйгеніне қосылады. Ал бұл ек…

0
3
1158

Мопассанша өмір

Мопассанның шығармашылығымен таныстығым "Өмір" романынан басталды. Сонымен, оқығанымнан түйгенім: Ол өмірден не күтті? Жалпы бәріміз өмірден не күтеміз? Өмірдің мәні неде?... Арман, үміт адамды алға жетелейді. Бірақ құр арманмен өмір сүруге де болмайды ғой. Жанна соны ұға алмаған тәрізді. Ол өмірден, оның тыныс-тіршілігінен бейхабар болып өтті. Оған түсіндірер жан да болмады. Ол өмір бойы сол бір 17 жасар қыздың ойымен ғұмыр кешті. Дәл сондай бейкүнә, пәк сезім, арман. Бәлкім, арманның арман болып қалуы да дұрыс шығар?... Ия, мүмкін, мен де дәл солай ойлауым керек шығар. Өмір маған үлкен сый дайындап қойды. Енді „өскесін„ соны өзіме кеп, табыстайды. Сосын бәрі де ойымдағыдай керемет бола кетеді. Құлай сүйген адамымның жары атанып, соңғы демім қалғанға дейін ол маған адал жардын ролін ойна…

4
4
959

"Интернеттегі қазақ тілін дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматыда ″Қазақстанның Интернет Қауымдастығы″ және “GSM Kazakhstan” ұйымдастырған ″Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары″ туралы дөңгелек үстел өтті. Басты пікірталастар казақ тіліндегі контентті дамыту, сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару және веб-терминдер сөздіктерін құру төңірегінде өрбіді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жетекшілік етіп, спикер ретінде Жаржан Құлмырза, Руслан Минулин, Рауан Кенжеханұлы, Асхат Еркімбай, Рамазан Ерсұлтан, Владимир Төреханов қатысты. Ең бірінші айтылған мәселе интернеттегі қазақ тілді контентті көбейтуге мемлекеттің атсалысуы болды. Мұрат Әбенов үкімет бөлген 500 млн теңге қаржының сәтсіз жұмсалғанын мәселе ретінде айшықтады. Осынша мөлшерде бөлінген ақша бар-жоғы 2 сайтты әзірлеуге жұмсалыпты.…

Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз