"IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!

Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы ұйымдастырып, еліміздегі ірі компаниялар демеушілік көрсеткен startupweekend болып өтті. Соған мен де өзімнің арысы бір жыл, берісі жарты жылдан бері ит болып жүгіріп жүрген "ІТ-тірлік" атты онлайн журналымды ұсынған едім. Аллаһ қолдап, жүлделі бірінші орынды алдым. Алғаным 500 000 теңге. 10 пайыз салығын төлеймін
)
Обшым, осы уақытқа дейін менімен бірге болған, маған сенген, көмектескен, ат салысқандардың баршасына шын-жүректен алғысымды білдіремін.
Айтпақшы, "ІТ-тірлік" журналымды көріп «сайты быт-шыт, журналдың өзі анау. Бұның қай жеріне бас жүлде?» демеңіздер. Олар осы тұрысына емес болашағының жарқындығына сеніп табыстады. Менің ендігі мақсатым, сол сенімді ақтай білу.
Айтпақшы-2, осы Атырауда өткен шарада ғана бірінші орынға 500 мың бекітілген. Бұған дейін 300 мың болған. Анау екі чекпен тұрғаным сондықтан
)



