Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

«Еңсегей бойлы ер Есім»

«Еңсегей бойлы ер Есім» 1598 жылы Бұқар үшін шайқаста алған ауыр жарадан Қазақ ханы Тәуекел қайтыс болып, хан тағына оның туған інісі Шығайұлы Есім отырды. Сұлтан кезінде-ақ ерліктерімен көзге түсіп ел аузында «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған Есім хан, кейіннен «Есім ханның ескі жолы» атты қазақ халқының заңдарын шығарушы ретінде де тарихқа енді. Хан тағына отыра сала, Есім Бұқарамен бітімге келді. Арадағы келісім бойынша Қазақ хандығына Сыр бойындағы қазіргі қалалармен қоса бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент, Ферғана аймақтары енді. Бірақ, 1607 году бұқарлықтар шартты бұзып, тұтқиылдан шабуылдап Ташкентті уақытша басып алды. Бірақ, есін жиып, күшін жинақтаған Есім хан Ташкентке қайта шабуылдап, Бұқар ханын бітім сұрауға мәжбүрледі. Арадағы келісім бойынша Ташкент екі хандыққа ортақ бол…

5
0
28746

Неліктен Бұрындық хан қазақ тарихынан өзінің лайықты орнын ала алмады?

Керей мен Жәнібектен соң іргесі бекіген Қазақ Ордасының тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырды. Заманымыздың заңғар тарихшы-жазушысы М. Мағауин «Жәнібек өлгеннен соң аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді» дейді (Қазақ тарихының әліппесі. Алматы-1995). (Мұхамед Хайдар Дулатидің өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керейден кейін хан тағына оның ұлы Бұрындық отырды деп көрсетеді). Қалай болғанда да, атақты тарихшы Т. И. Сұлтановтың пікірі бойынша 1473-74 жылдардан бастап Бұрындық хан билік құра бастады (Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (вопросы этнической и социальной истории). Москва, Главная редакция восточной литературы, 1982.). Бұрындықтың туған жылы белгісіз. Ал, қайтыс болған жылын зерттеушілер -1511 ж. деп көрсетіп жүр. Алып күштің иесі Бұр…

1
0
3734

Автобустың әлегі

Мен бүгінгі күні студентпін. Үйден шыққаннан – ақ студенттік өмірдің қызығы басталды. Ол қызық таңертеңнен автобуста басталады. Мен күнделікті 22 автобусқа отырамын. Себебі, тура үйімнің алдына тоқтайды. Кейде ұзақ күтіп қалатын да уақыттарым болады. Бүгін үйде отырып күттім. Мүмкін, келе жатқан дауысын есіп үлгеремін деп. Дала да суық болып, қар да жауа бастап, ұйқы да қанбаған. Күтіп отырғанымда әшейінде ақырын жүретін автобусым желдей есіп өтіп кетті. Үйден шығып үлгермей, келесі автобусты далада суықта тұрып күттім. Келесі 22 автобусқа отырдым. Ашулымын)) Жан – жағыма да қарап қоямын орын бар ма дегендей. Әрине, күндегідей орын жоқ. Студенттің күні осы) Университет пен үйдің арасы 2 сағаттық кейде кептеліс болмаса 1,5 сағаттық жолды алады. Маған келгенде, әрине, үнемі «ПРОБКА». Автобу…

1
0
834

Сәкен Майғазиев «Асыл ана»

Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі құрметіне Астана қаласы әкімшілігімен ұйымдастырылған Сәкен Майғазиевтің "Асыл ана" атты концертінен кішігірім фоторепортаж. Сәкен Майғазиев: "Ассалаумағалейкум, аса құрметті ән сүйер қауым! Ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, ардақты арулар, баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Отбастарыңызға амандық, деңдеріңізге саулық тілейміз. Біздің аялы алақандарымызда әрқашан жайнап, жадырап жүріңіздер дегім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын". Орындалған әндер тізімі: "Арман-ай". Әні: Жеңіс Сейдолла, сөзі: Серікбай Оспанов. "Кел, белейік!". Әні: Сейдолла Байтереков, сөзі: Шөмішбай Сариев. "Қартайма, жан ана!". Парасат тобымен орындалды. "Сені ойлаймын". Әні: Нарша Ашақанов (??), сөзі: Әуесхан…

4
0
4975

Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия

Уәде бергенімдей, Кореядағы UNIST университетіне түсу мен құжат тапсыру жайлы жазып тұрмын. Бірақ біріншіден өзімнің Кореядағы өмірім жайлы айтқым келеді. Кейбір жағдайда университет те көмектесе алмайды. Біріншіден, ет! Осында ет аз. Біз, қазақ жігіттері, Қазақстанда тұрып күнде ет жеуге үйреніп алғанбыз. Қазақстанға келген кәріс қыз таңдана сұрап еді: «Сендер етті таңғы асқа да жейсіндер ме?» Осында олар көптен түрлі көкөністер мен шөптерді жейді. Сонымен бірге рациондарында теңіз тағамдары көп. Ет оларда бар әрине, бірақ ол көбінесе шошқа еті. Сиыр мен тауық еті бар, бірақ ол қымбат тұрады. Мен үшін осында халал етін дайындайтын кафе мен ресторан табу қиынға соқты. Сондықтан өзіме өзім дайындап жұрмін. Айтпақшы осында тамақ әзірлеуді үйрендім. Интернетте халал етіне тапсырыс беріп саты…

-4
2
5742

Мұздан жасалған аспаптардың ойын фестивалі

Гейло норвегиялық ауылында жергілікті тұрғындар мен жанкүйерлер жылдық өткізілетін Мұз музыка фестиваліне жиналды.

Скандинавиялық музыканттар мұздан жасалған жел, жол және соқпалы аспаптарында ойнап өнер көрсеткен.

Посттың орысша түпнұсқасы

Аударушы – Болат Кисамбаев

2
0
450

Twitter және Google бір келесім шартқа келуде

Әлемдегі ең ірі іздеу жүйесі және де ірі әлеуметтік желілердің бірі - Google мен Twitter, осы сәрсенбі күні келесім шартқа келді. Сол келесім бойынша Google 2011 жылдан бері алғаш рет алынған твиттерді іздеу нәтижесінде жазба жариялайтын болады. Twitter өз тасымалын көбейтуге тырысады, сондықтан Google-мен мәмілені жасауда. Іздеу қозғалтқышы пайдаланушылардың нәтижелер шоттарын орналастыратын болады. Бұл келісім арқылы әлеуметтік желі жасалған мазмұнға Google қамтамасыз қол жеткізі алады. "Жарнаманың пайдасы бөленбейтің болады, бірақ, бәлкім, лицензия ақпараты мәміле бөлігі бола алады", - деп хабарлайды Bloomberg. Google іздеушінің нәтижелерің Twitter жазбаларын көрсетуге осы жылдың бірінші жартысында іске асырұға қамтамасыз етеді. Осы мәліме Twitter пайдаланушылардың ағынын ұлғайтуға көм…

4
2
477

Ермек батыр: алғаш қазақстандық комикс кейіпкері

Қазақстандық комикс оқып едіңіз бе? Біз осы уақытқа дейін оларды оқымай жүрдік.

Жас қазақстандық суретші Мадибек Мусабеков өзінің «Ермек батыр: ұмытылған уақыттар аңызы» атты графикалық романында қазақ мифологиясы мен тарихи деректерді ұйқастыра алып, оны алғаш отандық жаңа комикске айналдырды.

Комикстегі оқиғалар көшпенділер дәуірін қамтиды. Ермек батыр – жалғыз халық білмейтін жауынгер, өзінің әкесіне берген уәдесін орындау үшін өз үйіне жол іздестіреді.

Ермек батыр жайлы комикс Ресейде көптеген жағымды пікірге ие болды.

Посттың орысша түпнұсқасы

Аударушы – Айжан Орамбаева

-4
0
4000

«Күлбикеш» кинотеатрларда қазақ тілінде шығады

«Күлбикеш» («Золушка») ертегісі бәрімізге жастайымыздан белгілі. Дисней ол ертегі бойынша керемет фильм түсіріп болды, ал енді оны қазақ тілінде дубляждан өткізіп кинотеатрларымызда екі тілде көрсетпек.

Күлбикеш рөлінен Эмма Уотсон бас тартып, оны Лили Джеймс ойнамақ. Принц рөлін Ричард Мэдден ойнайды.

Қазақша трейлер:

Фильм тұсаукесері наурыздың 6-шы жұлдызына жоспарланған.

Посттың орысша түпнұсқасы

Аударушы – Айжан Орамбаева

-3
0
2376