Мазмұнға өту
belasar

Гүлжанат Беласар

@belasar

Сайтта 2015 ж. 11 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

4

Автобустың әлегі

Мен бүгінгі күні студентпін. Үйден шыққаннан – ақ студенттік өмірдің қызығы басталды. Ол қызық таңертеңнен автобуста басталады. Мен күнделікті 22 автобусқа отырамын. Себебі, тура үйімнің алдына тоқтайды. Кейде ұзақ күтіп қалатын да уақыттарым болады. Бүгін үйде отырып күттім. Мүмкін, келе жатқан дауысын есіп үлгеремін деп. Дала да суық болып, қар да жауа бастап, ұйқы да қанбаған. Күтіп отырғанымда әшейінде ақырын жүретін автобусым желдей есіп өтіп кетті. Үйден шығып үлгермей, келесі автобусты далада суықта тұрып күттім. Келесі 22 автобусқа отырдым. Ашулымын)) Жан – жағыма да қарап қоямын орын бар ма дегендей. Әрине, күндегідей орын жоқ. Студенттің күні осы) Университет пен үйдің арасы 2 сағаттық кейде кептеліс болмаса 1,5 сағаттық жолды алады. Маған келгенде, әрине, үнемі «ПРОБКА». Автобу…

1
0
829

Ассамблея шешіміне байланысты студенттер арасында митинг өтті

Ақпан айының он алтысы күні БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жастарының Қазақстан Халықтар ассамблеясының Президент сайлауын мерзімінен тыс өткізуге қолдау көрсету мақсатында митинг өтті. Көпшіліктің айтуы бойынша бұл шешім әлемдік дағдарыс алдында тұрған еліміз үшін қабылданған бірден – бір дұрыс шешім. Митингтің мақсатын жалпы түрде Қазақ Ұлттық университетінің жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Нұрлан Әбдіқадыров түсіндіріп өтті. Президентті кезектен тыс сайлау туралы ұсыныс осыдан бірнеше күн бұрын ғана Халықтар ассамблеясы тарапынан ұсынылған болатын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтпақшы «Болашақ жастардың қолында». Біз, ҚазҰУ жастары барша халықты дәл осы ұсынысты қабылдауға шақырамыз. Біз Елбасымен біргеміз. Осы орайда Айдана Дәуренқызы б…

0
0
825

Елеулі істер бастамасы «Сұңқар» студенттер кәсіподағы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы «Болашақ – жастардың қолында!». Осы ұранды негізге ала отырып ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді өшірмей, үнемі жандандырып отыратын, осы тарапта патриотизмді қалыптастыру барысында жұмыс жасайтын Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағы. Бұл кәсіподақ өз негізінде түрлі қайырымдылық болсын, жалпы, студенттер үшін елеулі істер атқарып келеді. Бұл кәсіподақтың бағыты қандай, ол қандай мақсатты алға тартады, жалпы, кәсіподақ жұмысын қашан бастады? Осы сауалдар аясында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрағасы Сыдықова Айдана Дәренқызын әңгімеге тартқан болатынбыз. Айдана, сұхбатымызға уақытыңызды бөліп, келіскеніңіз үшін алғыс айтамыз. «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ҚР конституциясы мен ҚР Азаматтық коде…

1
0
2773

Нұрсұлтан Құрман. Саясаттанушыдан журналистке дейін немесе Нұрсұлтанмен болған кездесу

Ақпан айының бесінші жұлдызында қасиетті қара шаңырағымыз ҚазҰУ – да белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманмен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырған біздің сүйікті «Сұңқар» студенттер кәсіподағы және төрағамыз Айдана Дәуренқызы. Нұрсұлтан бұл жолы жалғыз емес белгілі әнші, Тоқтар Серіков ағамыздың шәкірті Қанат Үмбетовпен бірге келді. Бұл бізді қуантпай қоймады. Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды. Нұрсұлтан мырза өзінің сүйікті істері мен қызықты оқиғаларымен ашық бөлісіп отырды. Сыр бүгіп немесе сұрақтан жалтарған тұстары болмады. Әңгіме барысында өзі үлгі тұтатын белгілі журналистті атап өтті. Ол Нұрсұлтан мырзаның айтуы бойынша интервьюдің атасы – Ларри Кинг екен. Расында, талғамы жарасқан Нұрсұлтан үлгі тұтқан тұлға баршамызға таныс әрі бізге де үлгі. Осы орайда ең алғашқы сы…

1
0
1735