Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған. Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

0
0
312

Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды

t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылынан тасқын қаупіне байланысты 74 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы - балалар.

Жағабұлық ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі ауланы су басып, Жем өзенінің арнасынан асу қаупі туындаған.

0
0
343

Ақтөбе облысында бірнеше ауданды су басып жатыр

Ақтөбенің Темір, Әйтеке би, Мұғалжар және Байғанин аудандарында қауіпті сейілту, жол мен ауылды судан қорғау жұмысы жүріп жатыр. Фото: KazinformТөтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Темір ауданындағы жедел штабты басқарды. Бүгін ауданға облыс әкімі Асхат Шахаров барды.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бүгін өңірдегі ахуалды журналистерге айтып берді. Қазіргі кезде Темір, Әйтеке би, Мұғалжар және Байғанин аудандарында су бөгеу, жолын жыру жұмыстары жүріп жатыр.«Ақтөбе жағдай тұрақты. Бәрі тікелей өз бақылауымда. Қазіргі таңда қаупі бар төрт ауданның кейбір елді мекеніне су кірді. Онда барлығы 650 адам жұмыс істеп жатыр. Қосымша күш қажет болса, 3 мың адам дайын тұр. Темір ауданына барып, қараймын. Маңғыстаудан құтқару жасағын алу ҚР ТЖМ шешімі болды», - деді Ақтөбе облысының…

0
0
255
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз