Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Алматы облысында жауын-шашынға қарамай тауға шығып кеткен 11 жасөспірім құтқарылды

Тауда басына тас тиіп жараланған бір туристке құтқарушылар көмектесті.

undefined
Құтқарушылар Алматы облысындағы Турист шыңында (3954 м) 11 жасөспірімді іздеп тапты.
Балалар кеше таңертең қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.

Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Олардың біріне құлаған тас тиген.

Жарақат алған жасөспірімге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тауып алды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
387

Астананы нөсер жауыннан кейін су басып қалды

Елордадағы Ұлы дала және Тұран көшелерінің қиылысы бүгін осындай болып тұр.

Бұл жерді түнгі нөсер жауыннан кейін су басып қалған. Сөйтіп, осы маң кәдімгі көлге айналды.

"Кейбір батылдар ғана көлігімен суды кешіп өтіп жатыр... Мына жағдайға қарағанда, астаналықтарға жақында машинасының жүксалғышына үрмелі қайық салып алуға тура келетін сияқты", - деп жазды t.me/sputnikKZ

0
0
478

Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды (видео)

Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды.

undefined

Төбелестің видеосын жариялаған kerek.pv телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті.

Жараланған оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Сосын олар үйлеріне жіберілген.

«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері.  

Ал облыстың білім басқармасындағылар қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.  

0
0
509

Шымкентте соққыға жығылған профессор қайтыс болды

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры көз жұмды. 1967 жылғы ер адам ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда оқу орнының профессоры 5 күннен соң аурухана төсегінде жан тапсырды.Жедел жәрдем көлігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген пациентке жабық бас сүйек миының жарақаты диагнозы қойылған. Ес-түссіз болған науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер науқасты емдеуге барын салғанымен, оны аман алып қала алмады.Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.«Күдікті анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген полиция хабарламас…

0
0
574

Атырау облысында құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті

Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан жүкті әйелді аудан орталығына қайықпен алып барған.

undefined
Мамандардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде ауыл тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлеріне уақытылы жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда.

t.me/qr_tjm

0
0
522

Таразда тәртіп сақшыларының сәбиді құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалды

Құтқару сәті суға тұншығып, дем ала алмай жатқан кішкентай балаға көмекке асыққан полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетонына түскен. Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген. Тараздағы Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келді. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, нәтижесінде бала дем ала бастайды. "Баланың өмір белгілері болмаса да, мен соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, жүрекке тоқтаусыз массаж жасадым. Көрер жарығы бар еке…

0
0
534

Әпкесі өлі табылды

Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы ұлы мен қызы бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен болатын. Фото: 31-арна кадрыІздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілген. Сөйтіп, жоғалған жасөспірімдердің үлкені енді ғана өлі күйінде табылып отыр. "15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Абай облысының Полиция департаментіндегілер. Ал ұлды іздеу жалғасып жатыр. Полиция басшылығы қайғылы қазаға байланысты көңіл айтты. "Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын", — деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.Айта кетейік, Алт…

0
0
330

Түркістан облысында ер адам ғашығына ерегісіп, өзін өртеп жіберді

Түркістан облысында жұмыссыз тұрғын ғашығымен ұрсысып қалғаннан кейін өзін өртеп жіберді.

undefined

Сұмдық оқиға бүгін түнде Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында болған.

55 жастағы жұмыссыз ер адам өз үйінде ішіп отырыпты. Бір кезде бірге тұратын әйелмен арада жанжал шығады. Осыдан кейін ер адам канистрді алады да, ондағы бензинді үстіне құйып, өзін өртеп жібереді.

Ол ауруханаға жеткізілген. Денесінің 90 пайызын күйік шалыпты. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп отыр.

t.me/CentralMediaNews

0
0
285

Таразда өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адам эвакуацияланды

Таразда полиция қызметкерлері өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады.Тараз тұрғындары полицейлер адамдарды өрттен құтқарған бейнероликтерді жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады. “Ол аяғын қайырып алуы мүмкін”, “Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді”, “Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!”, казнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтуда.Белгілі болғандай, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланды. 2024 жылдың 13 мамырына қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын мазасыздана хабарлады. Көрсетілген мекен-жай…

0
0
303

Шымкентте нан-тоқаш өнімдері жанып кетті (видео)

Шымкентте наубайхана отқа оранды.

Еңбекші ауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді. Өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндіріп, өрттің ғимараттың 2500 шаршы метр бүкіл ауданына таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
354