Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Талмасы ұстап қалған баланы тәртіп сақшысы құтқарды

Оқиға Абай облысында болған.Бала көшенің ортасында талмасы ұстап, қиналып жатады. Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектесе алмағандықтан, жедел жәрдем шақырады. Дәл осы кезде тәртіп сақшысы Дастан Толахметов шақыртуға кетіп бара жатты. Полиция қызметкері есінен танып қалған баланы байқап, қасына жүгіріп жетеді. Бала арқасымен жатқандықтан тілі тыныс алу жолдарын жауып, дем алуы қиындаған еді. Ең алдымен полицей баланы аударып, қалыпты тыныс алуы үшін аузын ашады."Жедел жәрдем келіп жеткенше баланы қолымнан босатпай, басын ұстап отырдым. Медицина қызметкерлері келген соң баланы оларға тапсырып, арқамнан ауыр жүк түскендей болды", — дейді Дастан.Полиция қызметкері эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы жасөспірімге уақтылы және шешуші көмек көрсете білді.Қазір баланың өмірі мен денсаулығын…

0
0
282

Астанадағы атышулы ЛРТ-да өрт болды

Елордада ақшасы желініп, ақыр аяғы жыр болған ЖРК-нің (ЛРТ) құрылыс алаңында от тұтанды.

Аса қатты өрт болмаған. 80 шаршы метрді алып жатқан кенеп мата жаныпты.

"Өртті ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде оқшаулады", - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм-арнасы.

0
0
632

Елде жаз шыға сала өрт көбейіп жатыр

Алматы облысында автокөлік өртендіҚарасай ауданында облыстық маңызы бар "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" автожолының 35 шақырымында жеңіл көлік жанып кетті.Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 34 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.ШҚО өрт сөндірушілері моншадағы өртті сөндірдіСеребрянск қаласының жеке тұрғын үйлері бірінің аумағында моншадан өрт шықты.ТЖМ күштерімен өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.Жетісу облысында шаруашылық жайы өртендіТалдықорғанда жеке тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық жайы өртенді.ТЖМ күштерімен өрт 84 шаршы метр алаңда шақырту түскен сәттен бастап 21 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.Өрт сөндірушілер Алматы облысындағы тұрғын үйдің өртін сөндірдіТалғар ауданының Тұздыбастау ауылында жеке тұр…

0
0
345

Алматыда алапат өрт болды

Бүгін Алматыда қойма отқа оранды.

undefined

Жетісу ауданындағы алапат өртті сөндіруге ТЖМ күштері тартылды.

"Шақырылған сәттен бастап 26 минут ішінде өрт жойылды. Жану ауданы - 230 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деп жазды t.me/qr_tjm.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мотор майлары бар іргелес қоймаға және түрлі құнды тауарлар сақталаты басқа да қоймаларға таралуына жол бермеді.

undefined

undefined

0
0
488

Шымкентте аттракцион өртенді (видео)

Шымкентте бүгін түнде әл Фараби ауданындағы аттракциондар паркінде өрт шықты.

undefined

Құдай сақтап, бұл кезде, әрине, онда адам болмаған.

Мұнда төбешіктер аттракционы отқа ораныпты.

240 шаршы метрді шарпыған өрт толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
352

Ақтөбеде тәртіп сақшысы өзенге секірген қызды құтқарып алды

Оқыс оқиға кеше болған.

undefined
3 маусымда Ақтөбеде полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғаны туралы хабар жеткен. Содан ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберіледі.
"Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазады POLISIA.KZ.

0
0
922

Көкшетауда тоқсанға таяған әже жалғыз өзі пәтерінде құлап қалған

Көкшетауда 87 жастағы әже құтқарылды.

undefined

1937 жылы туған зейнеткер өз пәтерінде құлап, тұра алмай қалады.

Ал оған қарап жүрген әлеуметтік қызметкер кілттің болмауына байланысты пәтерге кіре алмай, Көкшетау қаласы Жедел құтқару жасағының қызметкерлерін көмекке шақырған.

Құтқарушылар есікті ашып, еденде жатқан әжейді орнынан тұрғызды. Құтқарушы Асан Бекжан зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
479

Жазадан құтылу үшін тәртіп сақшысына тап берді

Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін "полиция озбырлығының" құрбаны етіп көрсеткісі келген.Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota Camry-ді байқайды. Иесін таппаған соң ол сол машинаның мемлекеттік нөмірін шешіп алған.Сосын басқа құқық бұзушыға хаттама толтырып жатқан кезде әлгі Toyota Camry-дің иесі келген. Жүргізуші әйел жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оған балағат сөздер айтыпты."Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін  қайтарып берді. Алайда автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті.Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа,…

0
0
443

Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған.

undefined

Фото: qaragandyhabary.kz

Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен.

«Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек Раухфус атындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Оған ашық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы, ішкі ағзалардың жарылуы деген диагноздар қойылды. Сөйтіп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі деген дерті бар. Оны анасы Санкт-Петербургке емдетуге алып барыпты.     

0
0
324

Алматы облысында 40-қа жуық адам отырған автобус аударылып қалды

Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады.
undefined

Фото: t.me/qaz365kz
Оқыс оқиға бүгін сағат 10 жарымдар шамасында аталған ауданның Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында болған.
Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі бұрылыста жолдан шығып кеткен.

«Оқиға орнына дереу екі жедел жәрдем бригадасы барды. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», - делінген әкімдік хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауына алынған. Олардың жағдайы тұрақты.

0
0
425