Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Жүйені түбегейлі жаңарту қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары туралы

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті."Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс", – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, құқықтық сауаттың төмен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуына әкеп соқтырады."Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді. Қоғамд…

0
0
239

Тоқаев Рим Папасымен кездесу үшін Ватиканға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды. 

Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды. 

0
0
279

Қазақстанның бітімгершілік күштері Таяу Шығыс пен Африкаға баратын болды

Қазақстан Африка мен Таяу шығыс елдеріне елдеріне бітімгершілік күштерін жібереді. Мұндай шешім бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсынысты депутаттардың қарауына жолдады. Парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Сөйтіп, Қазақстан 430-ға жуық әскериді БҰҰ миссиясына қатысуға жіберетін болды.Біздің жауынгерлер енді Сирия мен Израиль, Палестина мен Израиль арасында, Оңтүстік Судан мен Суданда бітімгерлік миссия атқарады.

Айта кетейік, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін мәжіліс пен сенат депутаттары бірлесіп шешеді.

0
0
199

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездеседі

Италияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Римде бірқатар кездесулер өткізді. Ол ең алдымен Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық, табысты мәдени-гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті. «Біз Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға мол әлеует бар» – деді президент. Джорджа Мелони қазақ-итальян қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Италияның Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға бейілді екенін жеткізді. «Сіздің бүгінгі сапарыңызды қазақ-итальян қарым-қатынасын одан әрі өркендету үшін зор м…

0
0
263

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы маусым айында ашылмақ

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Фото: sputnik.kzКездесу барысында үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыст…

0
0
198

«Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірі жаңа инвесторға берілейін деп жатыр

Үкіметте премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

0
0
194

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Ал 19 қаңтарда Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек. 

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге осы жылдағы алғашқы сапарын Еуропадан бастады. 

0
0
302

Qarmet компаниясындағы өзекті мәселелер майшаммен қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.Жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық т/ж желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.Qarmet - бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жағңа атауы. Ол осылай болып өткен жылдың желтоқсан айында өзгертілді. Оған өткен жылы қазан айында "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты шахтада болған алапат апаттан кейінгі дау-дамайлар себеп. Компанияның атауы ғана емес, инвесторы да өзгеріп, үнді миллиардері Лакшми…

0
0
169

Еліміздегі үш өзенге су электр станциялары салынатын болды

Елімізді энергетика жағынан сырт елдерге тәуелсіз ету мәселесі биік мінберлерден жиі айтылып келеді. Ал үкімет соны орындау жағын мықтап қолға алып жатқанға ұқсайды.Сөйтіп, Іле, Ертіс, Шелек өзендерінде су электр станциялары салынбақ. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов хабарлады.«Самұрық-Энерго жобаларының портфелінде қазіргі кезде бірнеше су электр станциясын салу бойынша инвестициялық жобалар пысықталуда. Оның ішінде Іле өзенінде қуаттылығы 50 МВт Кербұлақ ГЭС-і, Ертіс өзенінде қуаттылығы 300 МВт-ға дейін Семей ГЭС-і және Шелек өзенінде қуаттылығы 70 МВт ГЭС-29 бар. Осы жобалар бойынша жобалау алды құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ құрылыс үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілу…

0
0
302

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жалпы құны 8 млрд доллардан асатын 48 жобаны іске асырған

Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.Тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және тағыбасқа салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы 8 миллиард доллардан асатын 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзіл…

0
0
169