Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Ресей кеденшілері қазақстандық кәсіпкерлерді тым ұзақ тексереді. Бізде неге олай емес?

Бүгін сенат отырысында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің кеден бекеттерінде қазақстандық тауарлардың ұзақ тексерілетіні туралы мәселе қозғады. Оның ойынша, бұл әділдік емес.«Барлық әріптестеріміз аймақтарды аралады. Өзім де Атырау облысына барып, жұртпен кездестім. Кәсіпкерлермен бір кездесуде олар Ресейге өнімдерін тасығанда ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық тексерулердің бәрінен өтуге 15-20 күн кетіретінін айтты. Олай болса, біздің тарапымызға сол тауарлар келіп жатқанда неге олар ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық және басқа бақылаудан тиісті деңгейде өткізілмейді. Бұл қарама-қарсы екі жаққа жүретін жол ғой. Егер серіктестеріміз тексеріп жатса, біз де тексеруіміз керек. Бастысы, өз азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Мәулен Әшімбае…

0
0
167

Елімізде 10 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Заңсыз берілген және пайдаланылмаған 10 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның 2,8 миллионы жергілікті фермерлерге, өңірлердің тұрғындарына қайта бөлінді. Бұдан бөлек, осыған дейін пайдаланылмаған 3,4 миллион гектар жерді иелері игеруге кірісті.Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлап отыр.Мемлекет басшысы өз Жолдауында заңсыз үлестірілген және пайдаланылмай бос жатқан 10 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Үкімет бұл тапсырманы 2022-2023 жылдары толық орындады. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі елдің стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттер кешенін іске асыруды жалғастыруда. Ал негізгілерінің бірі – ауылдық округтердегі елді мекендердің айналасындағы жайылым тапшылығын азайту.2023 жылы Интерактивті к…

0
0
268

Елімізде көктемде болуы мүмкін су тасқынына дайындық қазірден басталып жатыр

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Солардың бірі ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығына қатысты.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Оның құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар.«Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операциялар…

0
0
231

Үкімет басшысы қызылша ауруының өршуі соңғы 10 жылда болмаған жағдай екенін айтты

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жаңа жылдағы алғашқы үкімет отырысында Қазақстандағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мәселесі қаралды.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалды. Алдын алу шараларының арқасында 20 аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ, олардың арасында оба, тырысқақ және полиомиелит бар. Сондай-ақ 39 инфекция бойынша, оның ішінде коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттану азайған.Ал қызылша ауруына қатысты жағдай керісінше болып тұр. Үкімет басшысы осы дерттің өткен күзден бастап өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.«Өкен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соң…

0
0
249

Қазақстаннан 165 миллиард доллар заңсыз шығарылған – экономист

Шел елдерге Қазақстаннан шамамен 165 миллиард доллар көлеміндегі қаржы заңсыз кетіп қалған. Оның осы күнге дейін қайтарылғаны – 2 миллиард доллардан астам ғана.Мұндай мәліметті Экономикалық саясат институтының директоры, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне берген шағын сұхбатында келтіріпті. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін қолға алынған маңызды шараның бірі заңсыз активтерді қайтару ісі екенін айтқан.«Соңғы деректер бойынша, 1 триллион теңгеге жуық соманың мүліктері қайтарылды. Валюта бағамымен есептесек, соншалық көп емес — шамамен 2 миллиард доллардан астам актив қайтарылған. Макроэкономикада бухгалтерлік есепшот дейтін көрсеткіш бар, төлем теңгерімі дейді. Арнайы бухгалтерлік есепшотпен қараған кезде бізден шетелге шамамен 162…

0
0
240

Тоқаевтың өкілеттік мерзімі өзгере ме?

Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты жағдайды түсіндірді. Ол қазіргі мемлекет басшысының қайта сайланатыны туралы болжамның негізсіз екенін айтты.Кеше бірқатар шетелдік ақпарат құралдары Тоқаевтың президенттік өкілеттігі 2026 жылы аяқталып, ары қарай да сайлану үшін референдум өткізіледі-міс деген әңгіме тараған болатын.«Біздегі шынайы жағдайдан хабары жоқ кейбір журналистер арасында түсінбестік болған сияқты. Негізі, мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында 2026 жылы Конституцияны өзгертіп, келесі сайлауға қатысу мақсатында референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр-мыс деген әңгімені теріске шығарды. Президенттің 2022 жылы қарашада жеті жыл мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес оның өкілеттіг…

0
0
229

«Кеттің бе – қайы­рыл­ма!» Тоқаев қосарланған билік туралы сауалға жауап берді

Бүгін мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ең өткір сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан кейін қосарланған билік жайлы әңгіме шыққанына қатысты сауал қойылған еді.«Сіз 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосар­ланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма?» – деп сұрады журналист Дихан Қамзабекұлы.Бұл сұраққа тура жауап берген президент қосарланған билік жүйесін орнату әрекетін әлдебіреулердің әдейі әрі мұқият ұйымдастырғанын айтты.«Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған…

0
0
412

Ұлттық қордан балаларға берілетін төлем: әр балаға қанша қаржы түседі?

Елімізде бүгіннен, яғни 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша бөлуді қарастыратын заңға өткен жылы 16 қарашада қол қойған болатын.Аталған жобаға сәйкес, еліміздегі кәмелет жасына дейінгі барлық балалардың есеп-шоттарына жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы теңдей бөлініп аударылып отырады. Оны 18 жасқа толғанда шешіп алуға болады.Ақша есеп-шоттарға 2024 жылдың 1 ақпанынан түсе бастайды. Ал сол 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толатын балалар бір жылдық төлемін шешіп ала алады.Ұлттық қорды басқару Ұлттық банктің құзырында болғанымен, «Ұлттық қор — балаларға» жобасының үйлестірушісі — Қаржы министрлігі.Ал операторы — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ).БЖЗҚ міндеті – нысанал…

0
0
612

Ақмола облысында Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Жастар форумы өтті

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында «Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол» ұранымен өткізілген Зеренді ауданының жастар форумы өтті.«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жастарға үлкен көңіл бөледі. Мемлекет басшысының биылғы 5 қазанда жастар саясатына жаңа серпін беріп, Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылы жастар жылы болатындығын атап өтті. Қазақстан жастары Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ. Мен осы залда біздің жас Зеренділіктерді - патриоттық тәрбиеленген, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қабылдауға дайын жастарды қабылдауға қуаныштымын. Сіздер біздің ауданымыздың жастарының ең белсенді және жауапкершілікті өз қолдарына алуға дайын үлесісіздер», - деді облыс әкімі Мереке Мұстафин.Осылайша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні…

0
0
471

Алматы облысында жас көшбасшылар мен белсенділер марапатталды

2019 жылы Алматы облысында «Жетісу жастарының 100 жарқын істері» мега-жобасы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов «Қошбасшы-2018» жыл сайынғы сыйлығымен түрлі салалардағы жастар көшбасшыларын салтанатты марапаттау рәсімінде айтты. Жалпы 19 номинация бойынша жас Жетісулықтар марапаттауларға ұсынылды. Қатысу туралы өтініштер облыстың әртүрлі аймақтарынан 168 адамнан қабылданды.Мерекелік шараның кейіпкерлеріне арнаған сөзінде облыс әкімі келесі жылы Елбасының «Жастар жылы» деп жариялауына орай, білім беру, жастарды жұмысқа орналастыру және бос уақытқа қатысты жастарды қолдаудың жаңа әдістері енгізілетінін атап өтті.Сонымен қатар, 2018 жылы Жетісу аймағы үшін жастар саясаты саласында жемісті болды. Бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында облыстың 10 ауданында…

0
0
544