Грекия Қазақстанда оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр
«KAZNEX INVEST» АҚ мен «EVEXIA» компанияларының басшылары Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Астанада екі елдің лауазымды тұлғалары және іскер топтардың қатысуымен Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтті. Форум аясында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды. «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борісби Жанғұзаровтың айтуынша, «EVEXIA» атты ірі грек компаниясы Қазақстанда оңалту орталығын салуға қызығушылық танытуда. «Бүгінгі күні ол танымал қызметтің түріне айналуда. Бұл компания осы салаға оңтайлы тәжірибе әкелуі…
