Қазақстанда ЖРВИ-дің алдын алу айлығы басталды
2016 жылғы 26 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда жедел респираторлық вирустың, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы өтеді. Айлық шеңберінде алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтар аталған аурулардың профилактикасы бойынша тегін кеңес ала алады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі, айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары адамдарды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру. Тұмау – ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы де…
