Ж.Асанов Ақтөбе облысының әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған басты бағыттарды атады
Бас Прокурор Жақып Асанов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Осы сапар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы басталатын болады. Облыс жұртшылығы алдында сөз сөйлеген Ж. Асанов алдағы іс-шаралардың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Олар - түсіндіру жұмыстары, бизнесті дамытуға, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмек көрсету, дін мәселелері, азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін террористік қауіп кезінде әрекет етуге үйрету. Нақты іс-қимыл жоспары бар. Әр бағытқа вице-министр немесе орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары басшылық етуде. Ж.Асанов атап өткендей, бұл жергілікті қызметтерге тексеріс жүргізу емес, нақты проблемаларды бірігіп шешу. Оның пікірінше, кешенді шараларды қабы…
