Ә.Байменов: Қазақстанда мемлекеттік органдардың ішкі менеджментінің деңгейін жетілдіру қажет
Қазақстанда мемлекеттік органдардың ішкі менеджментінің деңгейін жетілдіру қажет, Хаб басшысы Әлихан байменов. « Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, қызмет бабында жоғарылату жүйелерінде модельдердің бір-біріне өзара әсер етуі байқалады; бұл мемлекеттік қызметте таза мансаптық немесе позициялық модель іс жүзінде қалған жоқтығын көрсетеді; әрқайсысының ең озық жақтарын қолдану арқылы осы модельдер бойынша конвергенция үдерісі өтуде. Бұл мемлекеттік басқарудың доктриналық негіздеріне де тән. Мемлекеттік қызмет тиімділігі адам ресурстарының сапасына байланысты екендігі әлемге мәлім болғандықтан, адам ресурстарын басқару сапасына ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде іріктеу мен қызмет бабында жоғарылатуда ашықтық пен тазалыққа, мемлекеттік қызметтегі этика мен адалдыққа айрықша назар сала отыр…
