ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстан туризмді дамыту бағдарламасын әзірлеуде

Қазақстан туризмді дамыту бағдарламасын дайындауға кірісуде, деп Астанада өткен Қазақстан-Қытай туристік форумында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

«Кеше ғана ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ведомствоаралық үкіметтік жұмыс тобын құруды тапсырды. Келесі апта туризмді дамыту бағдарламасы бойынша қажетті жұмысқа кірісіп қалармыз деп отырмыз. Өзекті мәселелер легін барынша кеңінен қамту керек. Бұл виза мен кеден, көші-қон қызметтері, автомобиль жолдары, жеңілдіктер түрі, мемлекеттік қолдау, - деп келтірген Абылай Мырзахметов Палата мамандары дайындаған Өңірлік кәсіпкерлікті даму картасында туризмнің басымдыққа ие бағыттардың бірі екенін атап өтті. – Өңірлік палаталар мен әкімдіктер бірлескен райда, туризмді дамытудың жол картасын қарастыруда. Бұл іске қонақ үйлер мен шипажайлар, көлік компаниялары, тамақтану орындары сынды жеке бизнес те тікелей тартылғаны жөн»,-деді А.Мырзахметов.

Ұлттық палата басшысының айтуы бойынша, ҰКП дайындаған кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында туризм басым салалардың бірі ретінде көрсетілген.

«Жылдың басында барлық өңірлік палаталарға әкімдіктермен бірге туризмді дамытудың жол картасын әзірлеу тапсырмасы бірілді. Бұндай жұмыс Алматы қаласында жасалды. Бұл жұмысқа тек меморгандарды ғана тартып қоймай,сонымен қатар турбизнестің тұлғаларын жұмылдыру керек: тамақтану салсында қызмет көрсететін қонақтүйлердің , шипажайлардың, көліктік компаниялардың басшылары немесе менеджрлері»,-деді ол.

А.Мырзахметов бүгінгі күні ірі мұнай сервистік компаниялар туристік салаға көмек көрсетуге дайын екендігін  айтты.

«Олар туризмге инвестицияны ынталандыру бойынша бағдарлама болғанын қалайды. Біз жылдың соңына дейін бағдарламаны дайындауға тырысамыз. Туризм – бұл үлкен мультипликативті әсер беретін сала»,-деді ол.

«Келесі жыл Қазақстанда Қытайдың туризм жылы деп жарияланды, ЭКСПО болады. Егер бүгін біз ресейлік, ағылшындық туристерді қабылдауға дайын болсақ, қытайлық туристерді қабылдауға нақты дайындық керек. Бірінші кезекте тілді білумен байланысты, біз олардың дәстүрін білуіміз керек. Сол үшін осы форумды өткізіп жатырмыз»,-деді Ю.Якупбаева. 
Аталмыш форум турбизнес үшін өте маңызды алаңы болып табылады, деп Қазақстан туристік агенттік қауымдастығының президенті Әсел Нұрбекова мәлім етті.

«Аталмыш форум турбизнес үшін өте маңызды. Біз Қытай нарығымен тығыз байланыс орнатуға ниеттіміз. Бұл форум осы нарықты терең білуге,олармен жұмыс істеуге және бизнесті қытай нарығына бейімдеуге мүмкіндік береді. Осы форум аясында көрші мемлекеттің туристік операторлармен ақпараттық байланыс орнады. Өз кезегінде біздің туроператорлар бұл бастаманы қолдап отыр. Ақпараттық тур Алматы және Астана қаласында болды. Біздің әріптертерімізге бұл бастамаға көңілдері толады. Оларға Қазақстан ұнаған. Менің ойымша, қытайлық әріптестеріміз бізге көптеген туристер жіберетін болады», - деді президент.

Сонымен қатар Әсел Нұрбекова аталмыш туристік форум елімізде осы саланың дамуына тың серпін беретіндігін атап өтті.
«Алдағы уақытта Қытаймен туристік қарым-қатынас орнату бойынша көптеген жұмыстар атқару қажет. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында Қытай азаматтарын елімізге топтық туристік саяхаттарын жеңілдету туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл қос елдің арасында туризм саласын дамытуға тың серпін берді. Мысалы, 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша нәтижелер жақсы. Бизнес ояна бастады. Шетелге туристер жіберіп отырған туристік операторлар осы бағытқа да мән бере бастады. Біз қонақ үйлермен келісімге келудеміз. Жоғары аталған меморандум бойынша. Біз Қытай нарығымен ғана емес, Ресей, Иран, Үндістан нарығымен де жұмыс істейтін боламыз. Қытайлық туристер үшін еліміздің барлық өңірі қызықты. Мысалы, Алматы облысы, Астана, ШҚО, ОҚО, СҚО», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz