Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Қарағандыда инкассатор тонауға қатысты күдікті Алматы облысынан ұсталды

Қарағанды полициясы​​ инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады. 2020 жылдың мамыр айының соңында, пандемия уақытында Қарағанды қаласында болған шулы оқиға әлі де ел есінде. Облыс орталығында белгісіз біреулер алдын ала жасалған жоспар бойынша инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, жол апатына түскен автокөліктен 70 миллион теңге ақша және қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін жасырған болатын. Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен. Тергеу әрекеттері және сот отырысы барысында ұсталғандардың әрқайсысы өздерін ақтауға тырысып, барлық кінәні қашып кеткен күдіктіге жаппақ болды. Тергеу әрекеттері…

0
0
386

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды

undefined
Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

📱 https://t.me/GenPr

0
0
510

Қостанайда ҚТЖ-ның басшылық қызметіндегі бірнеше адам сотталды

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.
Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражаттан жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, Серікұлының 3 жылға бас бостандығы шектелді.
Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/antikornews

0
0
462

Бұл – қастандық: бозбала бойжеткенді пышақтап кетті

Кейбір мәлімет бойынша, қыз – Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

undefined

Фото: egemen.kz

Астана қаласы Есіл ауданының полициясы 18 жасар қызға қастандық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Кәмелет жасына толмаған күдікті құрықталып, уақытша ұстау қапасына қамалған. Қажетті сараптамалар белгіленген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жариялауға жатпайды.

Пышақталған қыз қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.

0
0
370

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен шет елде ұсталған азамат елге әкелінді

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады. Ол 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған.  Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізгеэкстрадициялау туралы шешім қабылдады.Айта кетері, былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған…

0
0
495

ІІМ елімізде мал ұрлығы азайғанын мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және осы қылмыстың жолын кесу мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.Фотоколлаж: azh.kzПолиция жыл басынан бері мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты ұстаған. Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталыпты. Олардың жартысы темір торға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалаған. "Қылмыстың бұл түрімен күрес жолға қойылған. Өңірлерде түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі. Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып ал…

0
0
363

Жұртты БАӘ-ден арзан телефон әкелемін деп алдаған азамат Әзербайжаннан экстрадицияланды

Алаяқтық жасады деген күдікті Әзербайжаннан елге әкелінді.Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзербайжаннан жеткізді.Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.Күдікті Астанадағы тергеу қапасына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол…

0
0
492

Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды."Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науато…

0
0
420

Атышулы "Айка тізімінің" авторы сотталды

Алматыда атышулы "Айка тізімінің" авторы, блогер Love Айкаға қатысты сот үкімі шықты.

undefined

Аталған "тізім" өткен жылдың желтоқсан айында елді шулатқан еді. Онда қымбат жезөкшелерге баратын адамдардың аты-жөндері жарияланған делінді.

Енді сол Мырзахметова немесе Love Айка сыбайласы Т. деген азаматпен бірге сотталды.

Айка заңсыз есірткі айналымы және жезөкшелер ордасын ұйымдастырғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Т. жезөкшелер ордасын ұстағаны үшін 3 жыл 8 айға сотталды.

Мырзахметова 2020-2023 жылдар аралығында Т-мен бірге қыздарды ақша үшін интимдік қызмет көрсетуге жұмсап отырған. Өздері содан пайыздық үлес алған.

Айка кінәсін ішінара ғана мойындап, сол ісіне өкінетінін айтты. Ал Т. кінәсін мойындаған жоқ.

t.me/CentralMediaNews

0
0
478

Павлодарда ірі есірткі лабораториясы жойылды (видео)

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

undefined

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

0
0
349