Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Қостанайда ҚТЖ-ның басшылық қызметіндегі бірнеше адам сотталды

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.
Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражаттан жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, Серікұлының 3 жылға бас бостандығы шектелді.
Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


https://t.me/antikornews

0
0
442

Осы тақырып бойынша