Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Өңір полициясы балықтың заңсыз айналымымен байланысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр. бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына" тапсырылды.
