Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, артынан өзін атып тастады
Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақтаудағы Halyk Bank ғимаратында инкассатордың 10 млн теңге ұрлап, артынан жертөлеге тығылып, басын табелдік қарумен атып салғаны туралы ақпарат кеше әлеуметтік желіде тараған еді. Бүгін соны қаланың полиция басқармасындағылар растады.
«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция басқармасы ұрлық және өз-өзін өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді», – дейді олар.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.
