Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып,  4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жамбыл облысының прокуратурасы

0
0
268

Осы тақырып бойынша

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды - Yvision.kz