Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Айдос Садықов қайтыс болды

Украинада оқ тиіп жараланған қазақстандық журналист Айдос Садықов ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Фото: azattyq.org

 

«Айдос Садықов бүгін Киев уақыты бойынша 3:00-де бізден кетті... Айдос 13 күн бойы өліммен арпалысты. Бірақ одан қайран болмады», – деп жазды Садықова.  

Естеріңізге салсақ, Айдос Садықовты 18 маусымда Киевте өз үйінің жанында атып кеткен еді. Артынан бұл қастандықты екі адамның жасағаны анықталды. Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев сол оқиғадан кейін Украинадан қашып кеткен. Екеуі де – Қазақстан азаматтары. Тіпті Қаратаевтың Қостанай облысында полицей екені айтылды. Бірақ еліміздің Ішкі істер министрлігі оның осыдан 5 жылдан аса уақыт бұрын ішкі істер органдарынан шығып кеткенін хабарлады.

Ал Жақанбаев бірнеше күннен кейін Қазақстанда ұсталды.  

19 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ресми
органдары бұл оқиға бойынша тергеу ісіне қатысуға дайын
екенін мәлімдеді.

0
0
420

Осы тақырып бойынша