Мазмұнға өту
Maksat2001

Maksat2001

Сайтта 2022 ж. 21 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет еді.

Олар бениндіктерді қару - жарақ пен ақшаға сатып ала бастады. Ал Бенин билеушілері Африка түкпірінен топырлаған құлдарды португалдарға ұстап беріп отырды. Жағалаудағы Еуропа кемелері зар жылаған алып денелі қара адамдарға лық толды. Осылайша ірі көлемде құл саудасы қалыптасты. Даланың тағы аңындай тіршілік еткен бұл қара адамдар Атланттың жүрек айнытар айдынында бірнеше ай жүзе отырып Америкаға жеткізілді. Жол бойы жүректері айнып, теңізге үйрене алмай палубада құсып, одан қалса қожайындарының шектен тыс қаталдығы, бас білдірілмеген асауларды қанша апта аш ұстап азаптауының кесірінен әр кемедегі 100 адамның 70 - і өліп тынатын. Бірақ бұл саудагерлер үшін айтарлықтай шығын емес. Себебі 30 адамды арзымайтын ақшаға айырбастап алу бизнесмендерді одан әрі байытты. Осылайша Америкаға жетпей жатып бұл адамдар құлдық психологияға үйрене бастады.

Сонымен өмір бойы бостандықта шалықтаған африкалық адамдар топ - топ болып құлдыққа айдалып кете барды. Бұл қасіреттің бастамасы ғана. Бенин әміршілері егер бізде отты қару болса біз бүкіл көршімізді бағындырамыз сөйтіп дамыған Еуропа елдерімен иық тірестіретін күнге жетеміз деп ойлады. Иә, алғашқы жылдары бәрі керемет болды. Ақ адамдар бениндіктердің қолына қару ұстатып, өздері қызығына қарап тұрды. Отты қарумен жарақтанған бениндік әскер көршілерін бірінен соң бірін бағындырып алды. Жаулап алу қорытындысында Бенин нағыз әскери империяға айналды. Енді алып империя құлдырай бастады. Бағындырған жерлер қаңырап бос қалды. Себебі онда жұмыс істейтін адамдардың бәрі құлдыққа сатылған еді. Шаруашылық түгел дерлік күйреді. Азып - тозған жұрт егін салып, жер жыртуды қаламады. Уақытша пайдаға малданған билеушілер қамсыз тірліктерін одан әрі жалғастыра берді. Қару асынған елден енді шаруалар жан - жаққа қаша бастады. Оңтүстік Нигерияда осындай қашқындар қаптап кетті. Тіпті Бениннен қашып шыққан Гинува деген патша ұлы осындай қашқындардың басын қосып Варри корольдігінің негізін қалайды. Осылайша құр қаруға иек артқан бір кездегі алып империя Бенин өзінің қалай азып - тозған аңғармай да қалды. Айналып келгенде құр сүлдері қалып, бірін - бірі қырған жұртты ағылшындар келді де колонияға айналдырды. Ал Бениннің ағылшындарға қол сермеуге де қауқары қалмаған - ды.

Осы тарихи сабақ бір кездері біздің елшілеріміз Мәскеуге барып, отты қару алғанда біз ешкімнің отарына айналмаған болар едік деген жалған үмітке елітуге болмайтынын ұқтыруы керек еді. Себебі қаруды пайдаланып, қалай адам өлтіруді игергенімізбен ол қаруды өзіміз жасап шығара алмасақ, өзгенің аузына қарап телмеңдеумен өтеміз. Алысқа бармай - ақ қояйық. Бенин тағдырын қайталаған жанымызда мемлекет бар. Бұл – жоңғарлар. Швед тұтқыны Ренат осы бір көшпенді халыққа зеңбірек құю, оны пайдалануды үйретті. Мұның ақыры не болды? Тоз - тозы шығып, қансыраған жауынгер халық жер бетінен мүлде құрып кетті емес пе. Португалдар Бенин еліне қару ұстатса, орыстар Жоңғар еліне мұны білдіртпей жүзеге асырды. Оқиға былай өрбіген еді.

Орыстардың I Петр патшасы билікке келе сала шведтермен соғысады. Полтова тұсында болған соғыста шведтің Ренат есімді офицері орыстарға тұтқынға түседі. Осы тұтқын патша жарлығымен өзге аудандарға емес, дәл жоңғарлармен шекаралық аймаққа Ямышев (қазақша Жәміш) бекінісін тұрғызуға аттандырылады. Экспедицияны Бухгольц бастап олар жолда келе жатқанда ойрат қосындарына кездейсоқ ұшырап осы кезге дейін ым - жымы бір екі жақ соғыса кетеді. Жоңғарлар осының алдында ғана Сібір шекаралық шептеріне қанша рет елшілік салғаны, тіпті Мәскеуге дейін барып қайтқаны белгілі. Ойраттар не үшін патша адамдарына шабуылдайды? Сонымен не керек орыс жасақтары шегініп, Ренат кездейсоқ тұтқынға түседі. Ойраттар арасында 20 жыл өмірін өткізген Ренат оларға бұрын мүлде бейтаныс болған отты қарудың құпиясын ашты. Бұл туралы Ренаттың өзімен құпия кездескен Ресей елшісі Л. Угрюмов былай дейді:

«Швед офицері Ринат 1729 жылы ойраттарға 4 фунттық 15 дана зеңбірек, кіші калибрлі 5 дана зеңбірек, 10 фунттық қысқа стволды 20 жана зеңбірек жасап беріп, оларға қалай қолдануды үйретті».

Ренаттың тұтқынға түсуі кездейсоқтық па, әлде қолдан жасалған дүние ме? Бұл жағын оқырманның өзіне қалдырдық.

Себебі басты мәселе бұл емес. Ғылым мен жаңалығы жоқ ел түбі бодандыққа түсетіні анық. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Үнемі айналыста болмаған нәрсе түбі ескіреді. Ескі нәрселерден, көне дүниелерден құтыла алмасаңыз жаңа нәрселер келмейді. Жаңадан келген бірең - сараң дүние қордаланып қалған ескі нәрселердің қасында өз қасиетін жоғалтады. Бұл иістеніп кеткен тамаққа таза тамақты араластырғанмен бірдей дүние.

Ақыр соңында әбден қансырап әлі құрыған бениндіктерді Англия, ал жоңғарларды Ресей қалпақпен қағып алды. Ғылым мен білімге арқа сүйемеген елдің тағдыры трагедиямен аяқталатыны бізге сабақ болса екен.

1
0
416

Әлемнің жеті кереметіндей Алматының жеті кереметі



«Алматы – арман қала» деп тегін айтылмаған.  Еліміздің қай түкпірінде жүрсе де, әсіресе жастар қауымы Алматыны бір көруге ынтық. Сондағы еліктіретіні – бала кезімізден теледидардан көріп жүретін алмалы шаһардың көрікті жерлері. Ол әрине, бірінші кезекте аты аңызға айналған  Медеу мен Көк-Төбе еді. Ал бүгінде қаланың бейнесі біршама өзгерген. Көпшіліктің пікірі бойынша қалаға жаңа дем беріп, өзге қалалардан ерекшелеп тұратын жеті түрлі кереметі бар. Ендеше соларға тоқталсақ:

Тұңғыш президент саябағы


Бұл саябақтың ашылғанына көп уақыт өтпесе де, көпшіліктің жиі келетін сүйікті мекеніне айналып үлгерген. Оның алып жатқан көз жеткізсіз аумағын жаяу жүріп өту мүмкін емес. Сондай үлкен болуына қарамастан мұндағы мұнтаздай тазалық көпшілікті қуантады. Кешқұрым қаланың оттары жарқырай бастаған шақта келген жанды саябақтың әдемілігі шынымен таң қалдырмай қоймайды. Әуенмен бірге тербелген түрлі-түсті музыкалық субұрқақтар өзінің бірегейлігімен қонақтардың назарын аударады. Ал кіре берістегі алып қақпа құлашын кеңге жайып, құшағын аша барлық келушілерін қарсы алады.

Метрополитен

Қазақстан үшін «Ғасыр құрылысы» – Алматының метросы. Бұл сияқты ауқымды жоба ел тарихында әлі болған емес. Құрылысы 1988 жылы басталған жер асты жолы әлі де салынуда. 2011 жылдың желтоқсан айында жеті станциядан тұратын алғашқы желісі қолданысқа берілсе, кейінірек тағы екі станция іске қосылды. Бұл қоғамдық көлікте жүру құны 80 теңгені құрайды. Жалпы, заманауи жер асты нысаны жайлы мың рет естігеннен гөрі, бір рет көзбен көрген дұрыс. Сондықтан да Алматыға ат басын тіреген жандардың көбі қаламен танысуды ең бірінші метродан бастайды.

«Есентай Тауэрс» ғимараты









Бұл Әл-Фараби даңғылында орналасқан Алматы қаласының ең биік ғимараты. 36 қабаттан тұратын нысанның биіктігі – 168 метр. Мұнараның алғашқы он төрт қабатында кеңселер, одан жоғары Ritz Carlton қонақ үйі, ал соңғы сегіз қабатында қызмет көрсету орталықтары орналасқан. Бұл ғимарат қаланың қай бұрышында жүрсең де, «мен мұндалап» алыстан көрініп, шақырып тұрады.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені



Аталмыш спорт кешені 2010 жылдың қыркүйек айында ашылды. Бүгінге дейін бұл алаңда әлемдік деңгейдегі 7 жарыс болып өтті. Жалпы аумағы 28163 шаршы метрді құрайтын кешен екі аймақтан тұрады: біріншісі – халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін аймақ, екіншісі – жаттығу өткізетін аймақ. Бұдан бөлек мұнда бес трамплин бар. Санаулы күндерден кейін елімізде алғаш рет Универсиада ойындары өткізілмек. Бұл спорт кешені сол әлемдік дода аясында ұйымдастырылатын трамплиннен секіру жарыстарын қабылдайды.

Шымбұлақ



«Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайы – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Таудың кереметтей көрінісі, қалың қар мен жайлы климат адамға сергектік сыйлайды. Тау шаңғы спортын сүйетіндер үшін мұнда кез келген деңгейдегі шаңғы трассалары мен тау баурайлары, ыңғайлы көтергіштер және шаңғы мектебі бар. Сондай-ақ бұл шипажайда қонақ үй, мейрамхана, боулинг және монша сынды демалуға арналған барлық нысандар қамтылған. Шуақты күндері Шымбұлаққа келетін демалушылардың санында есеп болмайды.

Медеу



Медеу – жасанды мұз айдыны дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Ол Алматы қаласынан 18 шақырым жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Қазақстан туралы сөз қозғалса, кез келген адамның ойына биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түсетіні рас. Мұнда әлемдік деңгейдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар орнатылған. Соңғы жылдары спорт кешенінің қызмет көрсету аясы кеңейтілді. Мұнда футболдан, волейболдан және баскетболдан жарыстар өтіп тұрады. Алып мұз айдыны - тек спорт жарыстарын өткізетін алаң ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны.

Көк-Төбе



Алматының символына айналған бұл мекен табиғаты таңғажайып орындардың бірі. Ол теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Аспалы жол Көк-Төбені қаланың орталығымен байланыстырады. Яғни, аттану нүктесі «Арман» кинотеатрының жанындағы станциядан басталады. Көк-Төбеге көтеріліп төмен қарағанда, тіршілік қазанында қайнаған алып шаһардың бейнесін көресің. Осы құбылыс жүрегіңде мәңгі жатталып қалады. Әсіресе түнгі қаланың әр тұстан жымыңдаған жарығына көз алмай ұзақ уақыт қарайтын боласың.

Бұл жеті нысан Алматының мерейін асқақтатып, көркіне көрік қосып тұрады. Оңтүстік астанаға жол түсе қалған жағдайда осы аталған көрнекті жерлерді аралап шыққанға не жетсін?!

0
0
620

Газдалған сусынның зияны. Кока-кола



Ми қайнатар ыстықта шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар. Бірақ мойындау керек, сол адамдардың қатарында да өзіміз бармых.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық.
– Салқындатылған алкогольсіз сусындардың құрамы туралы не білеміз?
– Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге болмайды

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтуда.
Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока - кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған».
Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған.
Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока - Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.
Жан шошырлық мынадай хабар таратылғалы біраз болды. «Кока - коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар мәшиненің радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» айтсаңшы.



Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?

0
1
1502