Мазмұнға өту
Алматы облысы
13 жазбалар3 тіркелуші

Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан Алматы облысы — елдегі ең әртүрлі және экономикалық тұрғыдан дамыған өңірлердің бірі. Облыс орталығы — Қонаев қаласы (бұрынғы Қапшағай).

Алматы облысында жер сілкінді

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 194 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызбұлақ ауылында 3 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

0
0
630

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған.
undefined
Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
493

Оқушы қыз сабақ үстінде талып құлап, қайтыс болды

Алматы облысында 4-сынып оқушысы мектептегі сабақ кезінде талып құлады. Қыз бала жолда ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.

undefined

Фото: ult.kz

Ақпаратты облыстың білім беру басқармасындағылар растады.

Қарасай ауданының Қошмамбетов мектебіндегі бұл оқыс оқиға туралы бүгін айтылып жатқанымен, ол бір апта бұрын, яғни 23 сәуірде болыпты.

«Қыз бала сабақ үстінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 8 қазанындағы № 118 бұйрығына сай көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – делінген басқарманың хабарламасында.

Қазір құқық қорғау органдары осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

0
0
559
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз