ДОКТОР ЛИВИНГСТОН ТУРАЛЫ ХАБАР
Он төртінші тарау ДОКТОР ЛИВИНГСТОН ТУРАЛЫ ХАБАР Негоро кеткен соң миссис Уэлдон лашығында жалғыз қалды, бұл арада ең алдымен Негоро өз ұсынысының жауабын алуға бір жетісіз келмейтінін есіне түсірді ол. Осы мерзімнің ішінде нендей де болса бірер тіршілік істеу керек. Негороның ар-намысына сенуге болмайды, бірақ оның дүниеқор ашкөздігін пайдаланудың артықтығы болмас. Миссис Уэлдон өзінің түрмешісі үшін «сауда жөнінде» бағалы болды. Ендеше, осы «бағалылық» оны бірнеше күнге әр түрлі жаңа қауіп-қатерден қорғауға тиіс. Егер осы уақыттың ішінде, мүмкін, өзінің Сан-Францискоға қайтуы үшін мистер Уэлдонның Казондеге келуін керек қылмайтын бірер жаңа жоба табылып қалар. Джемс Уэлдон әйелінің хатын алған бойда сапардың қаншама қиындығына қарамастан Африкаға қарай тартып тұратынына жас әйелдің күмә…
