Перейти к содержимому
kitap6

kitap6

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

41

комменты

1

подписчиков

0

подписок

0

АЛҒЫ СӨЗ

АЛҒЫ СӨЗ

 

Таңғаларлық  оқиғаларға толы  бұл кітапта кит аулаушы  «Пилигрим» кемесінің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Оның бүкіл экипажы (5 матрос және капитан) китпен бетпе-бет шайқаста қаза табады. Басшылықты он бес жасар юнга қабылдайды. Бұл қауіп пен қатерге толы тулаған мұхит толқынында болған оқиға арқылы автор қиын-қыстау кезде ердің ері, егеудің сынығы ғана жауапкершілікті мойнына ала алатындығын көрсетеді. «Адам болар жігіттер он бесінде баспын дер» деп келетін қазақ даналығына үндес, ер жігіттің жетілер шағы он бес екенін әйгілей отырып, оқырмандарды қиындықтардан қорықпай, өмір жүгін жасқанбай, ертерек мойынға алуға үндейді.


0
0
448

«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШХУНА-БРИГ

БІРІНШІ БӨЛІМ Бірінші тарау «ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШХУНА-БРИГ1 1873 жылы 2 ақпанда «Пилигрим» атты шхуна-бриг Гринвичтен 43075' оңтүстік ендік пен 165019' батыс бойлықта жүзіп жүрген. Бұл Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан- Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді. «Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші бай адамы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын, бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді. Джемс Уэлдон Беринг бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді. Сең жаз айларында солтүст…

0
0
1780

ДИК СЭНД

Екінші тарау ДИК СЭНД Ауа райы айта қаларлықтай жақсы, алғашқы бағыттан ауып, жолдан бұрыс кететіндігі болмаса, сапар тамаша жағдайда өтіп жатты. Миссис Уэлдон капитан Гульдің кеме кормосындағы1 кішкентай ғана жинақы каютасына орналасқан. Бұл бөлме кемедегі орынның ең жайлысы еді. Осы тығырықтай бөлмеден кішкентай Джек пен кәрі Нан да келіп орын алды. Соның қасындағы құрқылтайдың ұясындай ғана бір бөлмеге Бенедикт ағайды орналастырды. Капитан Гульдің өзі кеме тұмсығындағы капитан жәрдемшісіне арналған каютаға көшті. Жалақы үнемдеу мақсатымен, «Пилигримнің» экипажын толықтырмаған болатын, сондықтан да капитан Гуль жәрдемшісіз-ақ амалдаған еді. Шхуна-бригтің командасы – шебер де, тәжірибелі бес теңізші – ынтымақпен тату тұрды. Бұлар кит аулау кәсібінің үш маусымын өткізіп, енді төртіншісін…

0
0
4188

АПАТҚА ҰШЫРАҒАН КЕМЕ

Үшінші тарау АПАТҚА ҰШЫРАҒАН КЕМЕ Диктің айқайы бүкіл экипажды дүрліктірді. Вахтадан бос матростар палубаға жүгіре шықты. Капитан Гуль де каютасынан шықты. Миссис Уэлдон да, кәрі Нан да, тіптен Бенедикт ағай да штирборттың қоршауына сүйеніп тұрып, бар ынталарын сала теңіз бетіндегі көрінген затқа көздерін тікті. Тек өзінің тар камбузынан Негоро ғана шыққан жоқ. Ойда жоқта ұшыраса қалған бұл оқиға, бүкіл команда ішінде Негороны ғана еліктірмеді. Баланың көрген заты «Пилигримнен» үш миль шамасы қашықтықта, толқын бетінде теңселіп тұр еді. – Бұл не болды екен? – деп сұрады матростардың біреуі. – Менің байқауымша, сал болса керек! – деді екінші матрос. – Онда адам да бар шығар? Бейшаралар не халде екен?.. – деді миссис Узлдон. – Жақынырақ барсақ, бәрін де білеміз, – деді капитан Гуль. –Бірақ…

0
0
1678

«ВАЛЬДЕКТЕН» ҚҰТҚАРЫЛҒАНДАР

Төртінші тарау «ВАЛЬДЕКТЕН» ҚҰТҚАРЫЛҒАНДАР Экваторлық Африкада құл саудасы әлі бар-ды. Англия одан Францияның соғыс кемелері теңіз жағалауын ұзына бойға күзетіп жүруіне қарамастан, Ангола мен Мозамбиктен тұтқын негрлер тиелген құл саудагерлерінің кемелері бұрынғысынша ағылып жататын-ды. Мәдениеті дамыған елдердің көбісінде «қара тауарды» қажет қылушылар әлі де болса көп болатын. Бұл жағдай капитан Гульге мәлім еді. Қазіргі уақытта «Пилигрим» құл саудагерлерінің әдеттегі жүретін жолынан аулақ, теңіздің олар жүрмейтін бөлегінде болса да, капитан Гуль өздерінің өлімнен құтқарып қалған негрлерін құлдар тобынан болар, «Вальдек» бұларды Тынық мұхиттың алыс түкпіріндегі отар елдерге сатқалы әкетіп бара жатқан шығар деп шамалады. «Пилигримдегілер» өлімнен құтқарылған негрлерді аса жақсы күтіп, қа…

0
0
552

«С» ЖӘНЕ «В»

Бесінші тарау «С» ЖӘНЕ «В» Қарсы соғатын жел мен сіресіп қалатын тымырсықты ойлап капитан Гульдің мазасы кетті. Өйткені Жаңа Зеландиядан Вальпарайсоға дейін әдеттегі мерзімнен көп болса бір-екі жеті уақыт артық жүрер, әбігер шегерлік түк те жоқ. Бірақ бұл сияқты кездейсоқ кідіріс жолаушыларды қалжыратуы мүмкін. Мүлгіген тымырсық пен қарсы соққан жел «Пилигримді» мұхиттың осы бөлегінде аялдатқанның арқасында ғана, қираған кемеге паналаған алты тірі жанға капитан Гуль жәрдем ете алды. Ендігі мәселе, апат уақытында ұдайы үш жыл азаптанып азды-көпті тапқанынан айрылған бес негрді еліне жеткізіп, басталған адамгершілікті ақырына жеткізу ғана. Үстіндегі жүгін – кит майын Вальпарайсоға өткізіп, «Пилигрим» Оңтүстік пен Солтүстік Америка жағалауын бойлай жүзіп Сан-Францискоға баруы керек. Миссис У…

0
0
598

КӨКЖИЕКТЕН КӨРІНГЕН КИТ

Алтыншы тарау КӨКЖИЕКТЕН КӨРІНГЕН КИТ Дингоның адам таңғаларлық қылығы капитан Гульдің, миссис Уэлдонның және Диктің кеме кормосындағы әңгімелеріне әлденеше рет тақырып болғанын аңғару қиын емес. Кеме аспазының мінезі әзірге бұрынғысындай қалтқысыз бола тұра, жас матрос іштей Негороға сенімсіз қарады. Бақтағы команда бөлмесінде болған әңгімеде, оқи білетін иттердің арасында Динго білімдірек, тіпті кейбір жаман- жәутік матростардан жақсырақ жаза алады деген сөздер айтылды. Егер ол әзір адамша сөйлемесе, оның құпия сырды сақтай тұруға байланысты бірер себебі бар шығар. – Бір сәтті күні, – деп шешенси кетті рульші Болтон, – бұл төбеттің маған келіп: «Болтон, біз бүгін қай жаққа қарай бет алып бара жатырмыз? Норд-вестке1 ме, болмаса вест- полунордқа ма?» деп сұрағанын әлі-ақ көрерсіздер. Әрин…

0
0
1088

АУҒА ДАЙЫНДАЛУ

Жетінші тарау АУҒА ДАЙЫНДАЛУ Сүтқоректі алыптың көрінуі «Пилигрим» экипажына неліктен бұл сияқты қозғау салуы, әрине, түсінікті мәселе. Теңіз бетінде қызыл алаптың ортасында жүзіп жүрген кит орасан ірі көрінді. Бұл китті соғып алып кеме трюмін толтырсақ деген үміт – олқы құмарлық емес! Аңшылар бұл сияқты ұтыры келіп тұрған жағдайдан қайтып қана құралақан қала алсын? Миссис Уэлдон капитан Гульден: – Бұл китке шабуыл жасау қауіпті емес пе? – деп сұрады. – Жоқ, миссис Уэлдон, – деп жауап қатты капитан Гуль. – Ешқандай қауіп жоқ.... Китті жалғыз қайықпен әлденеше рет аулағаным бар, көздеген мақсатыма жетпей қайтқан сапарым болған емес. Қайталап айтамын, бізге төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, ендеше, сізге де қауіп жоқ. Миссис Уэлдонның көңілі орныққандай болды, ол басқа жағын қайтып сұрамады…

0
0
528

ЖОЛАҚЖОН КИТ

Сегізінші тарау ЖОЛАҚЖОН КИТ Капитан Гуль кит аулау ісінде тәжірибесі мол аңшы еді, ол осы жолғы сапарын қайырлы болады деп болжаған жоқ. Жолақжон китті аулау – оңай емес, сақтану шараларының нендей түрі болса да артық емес. Капитан Гуль керекті шаралардың бірде-бірін қалдырмай түгел қамтитын-ды. Ең алдымен ол рульшіге, китке ық жағынан бар деп бұйырды, ондағы ойы, аңшының жақындағанын кит сезбесін деген. Говик қайықты кит жүзіп жүрген қызыл алаңның жиегін орай жүргізді. Сөйтіп, жел жақтағы аңшылар енді киттің ық жағына өтулері керек болды. Боцман, тәжірибесі мол қарт теңізші және ерекше салқынқанды адам еді. Капитан Гуль рульшіге толық сенуге болатынын білетін-ді. Өйткені ол шешуші кезеңдерде асып- саспай және керекті маневрді тез де дәл орындайтын. – Говик! – деді капитан Гуль. – Жолақж…

0
0
903